Жастар бағдарламасы 2018

Рудный қаласының жоғары және орта оқу орындары түлектерінің назарына!!!

Жарқын болашақ туралы ойлайсыз ба?
Мамандығыңыз бойынша қолайлы жұмыс

тапқыңыз келеді ме, бірақ сіздің жұмыс тәжірибеңіз жоқ па?

Біз сіздерге көмектесе аламыз!

Рудный қаласы әкімдігі «Жұмыспен қамту орталығы» КММ оқу орындарының түлектеріне «2017-2021 жылдарға арналған тиімді жұмыспен қамтуды және көпшілік кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасының» қатысушысы атануға және қалалық ұйымдар мен кәсіпорындардағы Жастар тәжірибесімен жұмысқа тұруға мүмкіндік береді.

Жастар тәжірибесі сіздерге:
1. Алған мамандықтарыңыз бойынша бастапқы жұмыс тәжірибесін және өз еңбегіңіздің төлемін алуыңызға
2. Мемлекеттің қолдауымен еңбек нарығындағы бәсекеге қабілеттілікті арттыруға
3. Әрі қарай мансаптық өсім үшін негіз қалауға мүмкіндік береді.

Жастар тәжірибесінен өтудің максималды мерзімі – 6 ай.

 

Жастар тәжірибесіне 2016, 2017, 2018 жж түлектер қатыса алады.

Анықтама үшін келесі мекенжайға хабарласыңыздар:
Пионерский к-сі 21, 12 каб.
қосымша ақпараттарды мына тел. нөмірі бойынша ала аласыздар: 24494, 24491