Отзывы

  1. Отзыв соцпартнера о конурсе профи 2022
  2. Бүгін өзімнің білім алған ордам,Ы.Алтынсарин атындағы әлеуметтік гуманитарлық педагогикалық колледжіне барып,керемет сайыстың куәгері болдым . Сайыс Жаңа формация педагогідеп аталды. Біріншіден, болашақ ұстаздар үшін осындай сайысты ұйымдастырған әріптестеріме алғыс айтамын . Жаңа заманға сай ұстаз тәрбиелеу-басты мақсат. Бүгінгі сайыста нағыз ұстаз боламын деп жанып тұрған қатысушылар болды .Ы Алтынсарин атамыздың ізін жалғаушы осындай мәртебесі жоғары мұғалімдер көп болатынына сенімдімін .Ұстаздар еңбегі еш зая кетпейді.Қазіргі заманға сай, өзіндік ойы бар, ұлы тұлғаға сай келетін бүгінгі күнгідей шәкірттеріміз көп болсын. Бүгінгі сайыста өз мамандығына жауапкершілікпен қарайтын,тілмәр, сауатты ұстаздар өсіп келе жатқанына риза болдым .Еңбектері шыңдала берсін демекпін.