Жақсылық жасау борышың

Наурыз ізгілік пен жақсылықтың айы. Жақсылық жасау қашанда игі іс. Колледжіміздің МДТ-02 тобының студенттері Наурыз мерекесі қарсаңында жақсылық жасау акциясын ұйымдастыруды қолға алды.Олар өз шәкіртақыларынан үнемдеп , қаламыздағы көп балалы аналардың бірінің үйіне арнайы барып сый сияпаттарын ұсынды.Акцияның мақсаты «Жастар жылы» қарсаңында маңызды да пайдалы жобаларды іске асыру.

Олар кішкентай балақайларға тәттілермен қатар ерекше көңіл күй сыйлады. Көпбалалы ана да студент жастарға өз алғысын жаудырып, шексіз ырзалығын білдірді. Студенттер де мүндай бастамашыл істің басы қасында жүргендеріне шексіз риза. . Олар жақсылық жасаудың еш қиындығы жоқ екен деп өздерінің ерекше сезімде болғандарын жасырмады Мұндай жақсылық жасау акциясы әрі қарай әртүрлі тың идеялармен жалғасын тапса жастардың бойында жанашырлық пен қйырымдылық сияқты ізгі қасиеттердің қалыптасып әрі қарай өркен жаятыны сөзсіз анық.

Даулбаева Нұрдана,

МДТ-02 тобының студенті