Егер өздерің танитын бір адам кибербуллингке тап болғанын көрсеңдер, қолдау көрсетуге тырысып көріңдер.
Достарыңды тыңдау өте маңызды. Неге олар кибербуллинг туралы хабарлағысы келмейді? Өздерін қалай сезінеді? Оларға ресми түрде ештеңе хабарлау керек жоқ екенін, бірақ, көмектесе алатын адаммен сөйлесу қажет екенін түсіндіріңдер.
Естеріңде болсын, достарың өзін осал сезінуі мүмкін. Оған мейірімді болыңдар. Кімге және не айтуға болатынын ойластыруға көмектесіңдер. Егер хабарлауға бел буса, бірге баруды ұсыныңдар. Ең бастысы, есіне салыңдар, сендер оның жанындасыңдар және көмектескілерің келеді.
Егер достарың оқиға жайлы бәрібір айтқысы келмесе, өзі сенетін және сол оқиғаны реттеуге көмектесе алатын маманды табуға көмектесіңдер. Естеріңде болсын, белгілі бір жағдайларда кибербуллинг салдары өмір үшін қауіпті болуы мүмкін.
Әрекетсіздік адамды бәрі оған қарсы шығып жатқандай немесе басқалар үшін оның жағдайы бәрібір сияқты сезімде қалуы мүмкін. Сендердің сөздерің маңызды болуы мүмкін.