Мектепке дейінгі тәрбие және тәрбилеу
Орта буын маманы біліктілігінің кәсіби қызметінің нысандары болып табылады:
Мектепке дейнгі ұйымдардың тәрбиешісі – меншік формасына қарамастан мектепке дейінгі ұжымдардың барлық түрлеріндегі оқу-тәрбие процесі;
Орта буын маманы біліктілігінің кәсіби қызметінің түрлері болып табылады:
«Мектепке дейінгі ұйымдардың тәрбиешісі»: Мемлекеттік білім стандартына сәйкес мектепке дейінгі ұжымдарда мектепке дейінгі жастағы балаларды тәрбиелеу мен оқытуды жүзеге асырады. Оқыту мен тәрбиелеудің түрлі әдістерін, тәсілдерін және құралдарын қолданады. Балалардың дербес ерекшеліктерін, психологтың ұсыныстарын ескерту негізінде тәрбиеленушілерді түзетуші – дамытушылық жұмыстарын жоспарлайды және жүргізеді (топпен және жеке). Дәрігер қызметкерлермен бірге балалардың денсаулығын сақтауды және нығайтуды қамтамасыз етеді, психо–физиологиялық дамуын жетілдіретін іс–шаралар ұйымдастырады және олардың өмірі мен денсаулығына жауап береді. Тәрбиеленушіліердің күн режимін орындалуын және бос уақыттарын ұйымдастырады. Оқыту процесін жүргізеді, ұйымдастырады және қосымша білім алуға көмек береді. Балаларды көркем шығармашылыққа және қызығушылықтары бойынша түрлі бірлестіктерге тартады. Тәрбиеленушілердің жас ерекшеліктеріне қарай өзіне-өзі қызмет ету бойынша жұмыстарды, қоғамдық пайдалы еңбекке қатыстыруды ұйымдастырады. Балалардың мәдени–гигиеналық дағдыларын қалыптастыру бойынша жұмыстар жүргізеді. Балалар ұжымының іс–әрекетінде өзін – өзі басқарудың бастамасын ұйымдастыруға көмек береді. Балалардың дербес ерекшеліктерін, қызығушылықтарын, қабілеттерін және бейімділіктерін, олардың отбасылық жағдайларын және тұрғын жайлары мен тұрмыс жағдайларын зерделейді. Балалардың ата–аналарымен немесе олардың орнын ауыстырушылармен біріккен ұжымдар ұйымдастырады. Тәрбиешінің көмекшісінің және басқа қызметкерлердің қызметтерін білім беру және тәрбиелеудің біртұтас процесі аясына шоғырланады. Өзінің кәсіби біліктілігін жүйелі көтеріп отырады. Оқыту ақпаратын модульдеу, ақпараттық–оқыту ортасын құрастыру қашықтан интерактивті қарым-қатынасты жобалау, оқыту мен тәрбиелеу сапасының мониторингін жүргізу, тәрбиеленуші мен тәрбиешінің жетістіктерінің портфолиосына қажетті мәліметтер жинау әдістерін біледі.
Мектепке дейінгі тәрбие және тәрбилеу – мемлекеттік тілде оқиды, оқыту мерзімі 3 жыл 10 ай.
0101000 Мектепке дейінгі тәрбие және тәрбилеу мамандығына сәйкес ҚР жоғары білім мамандықтарыңың классификаторынан үзінді
5В010100 | Мектепке дейінгі оқыту және тәрбие беру |
5В010200 | Педагогика және бастауыш оқыту әдістемесі |
5В010300 | Педагогика және психология |
5В010400 | Алғашқы әскери дайындық |
5В010700 | Бейнелеу өнері және сызу |
5В012300 | Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану |
5В050100 | Әлеуметтану |
5В050300 | Психология |
5В091000 | Кітапхана ісі |