Қала мектептерінің оқушыларына кәсіптік бағдар беру мақсатында Ы.Алтынсарин атындағы Рудный әлеуметтік-гуманитарлық колледжінің «Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту» мамандығының 2-курс студенттерінің ұйымдастыруымен «Балабақша тәрбиешісінің қызметі арқылы қоғамдық сананы жаңғырту» тақырыбында пікір талас ұйымдастырылды. Мақсат- мектеп оқушыларын алдағы оқу жылында ашылатын мамандықтар тізбегімен таныстыру және мамандық таңдауға бағыт сілтеу.
Пікір талас қонақтары қаламыздағы №19 орта мектебінің 9 «А»сынып оқушылары және сынып жетекшісі Жакслыхова Гулназ Нурмуратовна .
Алғашқы сөз кезегі бөлім меңгерушісі Ш.Б.Құрманбаева берілді, кейін қызу пікір-талас өз жалғасын тапты. МДТ-02 тобының студенттері Т.Туребаева, Ү.Омарова, А.Баймурзаева, О.Тыныштықова белсене қатысып, өзіндік ойларын еркін ортаға тастады. Үкімет және парламент болып сынға түскен екі жақта ұшқыр ой, нақты фактілерді тілге тиек етті.
Төрешінің шешімімен үкімет тарапы жеңіске жетті. Пікір-талас соңында 9 «А» сыныбының жетекшісі Г.Н. Жакслыхова өзінің алғысын білдіріп , шәкірттеріне мамандық таңдау еш қателеспей , егемен елімізге адал еңбек етулеріне тілектестігін білдірді.
Жайлаубаева И.Ж.
МДТ-02 тобының жетекшісі.