Көктемнің алғашқы мерекесі 8 – Наурыз Халықаралық әйелдер мерекесіне орай ББМ-02 тобының студенттері «Бәрі де Ана бір өзіңнен басталады» тақырыбында сабақтан тыс іс-шара өткізді. Мақсаты тіршілікті жалғастырушы аналардың өмірі, олардың қасиет, құдіреттілігі неде екенін студенттерге түсіндіру. Ананы сыйлай, құрметтей білуге, аналардың өлшеусіз еңбегін бағалай білуге, сол арқылы еліне, жеріне деген сүйіспеншілігін арттыру. Дүниедегі жақсылық атаулының бәрі күннің нұрынан, ананың мейірімімен тарайтынын ұғындыру. Сонымен қатар кеш қонақтары қаламыздағы №7 мектептің 9 сынып оқушылары болды. Әдемі әндер шырқалып, отты жырлар оқылды. Тәрбие жұмысының барлық формалары сахнадан ерекше әдіс-тәсілдермен ұсынылды. Актерлік шеберлік, поэзия, монолог, поппури, комедия бәріде бір-бірін толықтыра түсті. Студенттердің барлығы да өз өнерлерін ортаға салды.Іс-шара көрерменге мерекелік көңіл күй сыйлады.
Тункулова Тойжан
ББМ- 02 тобының студенті.