Ыбырай Алтынсарин атындағы Рудный әлеуметтік-гуманитарлық колледжінің «Бастауыш білім беру» мамандығының 4 курс студенттері Мемлекеттік дипломалды практикасын өту кезінде Рудный қаласындағы №1,№13,№14, №18, №19 жалпы білім беретін мектептердің 9 және 11 сынып оқушыларымен кәсіптік бағдарлау жұмысын өткізді.
Мектеп оқушыларына колледждің тарихы және тәжірибелері мол ұстаздар туралы, осы оқу орнын бітірген түлектер жайлы бейнебаяндар көрсетілді. Колледж дайындайтын мамандықтар мен оларды оқытуға арналған әдістемелік құрал-жабдықтар, материалдық базалармен таныстырып өтті.