ББМ-04 тобы білім алушылары арасында 4 кезеңнен тұратын «WORLDSKILLS»форматындағы кәсіби шеберлік сайысы ұйымдастырылды. Сайыстың мақсаты – болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің кәсіби құзыреттілігін арттыру, педагогикалық шеберлігін жетілдіру және практикалық дағдыларын дамыту.
Қатысушылар әр кезеңде әдістемелік дайындықтарын, шығармашылық қабілеттерін, сабақ жоспарлау және оқыту үдерісін тиімді ұйымдастыру дағдыларын көрсетті.
Қазылар алқасының шешімі бойынша жүлделі орындар төмендегідей анықталды:
🥇 I орын – Бикишева Гулнур
🥈 II орын – Курышбекова Акмарал
🥉 III орын – Турсынова Дильназ
Сайыс қорытындысын шығарған қазылар алқасы:
– Абдирова Айгуль Турсынбаевна
– Аркулува Айсулу Каленовна
– Дангилова Айгуль Бахитжановна
Жеңімпаздарды құттықтай отырып, барлық қатысушыларға белсенділік пен жоғары дайындықтары үшін алғыс білдіреміз. Алдағы уақытта кәсіби жетістіктеріңіз арта берсін!