All posts by Редактор

Жұмысқа орналасу мәселелерін талқылаудамыз

29.05.2026 күні колледждің акт залында педагогикалық біліктіліктер бойынша бітіруші топ студенттерінің Рудный қаласының мансап орталығының маманымен кездесуі өтті. Кездесу барысында студенттер «Жастар практикасы» бағдарламасы арқылы жұмысқа орналасу тәртібімен танысты.

Маусым айында 147 студент оқуын аяқтауға дайындалуда, сондықтан диплом алған жас мамандар үшін алғашқы жұмыс орнын іздеу – осы кезеңнің маңызды міндеттерінің бірі. Кездесу соңында студенттер өздерін қызықтырған сұрақтарға жауап алды.

Continue reading Жұмысқа орналасу мәселелерін талқылаудамыз

Біздің WorldSkills Kostanay-2026 жүлдегерлерімізді құттықтаймыз!

2026 жылғы 26 мамырда колледжде өңірлік WorldSkills Kostanay-2026 чемпионатының жүлдегерлері мен қатысушыларын марапаттау рәсімі өтті. Таңертеңгілік жиында барлық студенттер алтын жүлдегерлер Досмухамед Гульназ бен Шерф Дарьяны, күміс жүлдегер Кожбанова Жамиляны, қола жүлдегер Ерёмин Артёмды қол шапалақпен қарсы алды.

Қатысушыларды дайындағаны үшін алғыс хаттар сарапшы-компатриоттарға – Орлова Д.С., Сарбаева Н.С., Сильянова А.Н. және Хабибуллина М.А. табысталды. Барлық қатысушылар мен сарапшылар грамоталармен және «ЖЕҢІС ҮШІН!» естелік мүсіншелерімен марапатталды.

Сонымен қатар, чемпионат барысында іс-шараларды сүйемелдеген студенттердің еңбегі де ерекше аталды. Олардың қатарында Гаева Амина жетекшілік еткен мобилографтар тобы, сондай-ақ жүргізушілер Достанов Абат пен Кондратенко Ирина бар.

Continue reading Біздің WorldSkills Kostanay-2026 жүлдегерлерімізді құттықтаймыз!

WorldSkills Kostanay-2026 нәтижелері

2026 жылғы 22 мамырда өңірлік WorldSkills Kostanay-2026 чемпионатының қорытындысы шығарылды. Біздің колледжден 11 үздік студент қатысып, өз білімдері мен кәсіби шеберліктерін көрсетті. Колледж Чемпионаттың 4 құзыреттілігі бойынша жүлделі орындарға ие болды.

Алтын медальді екі студент жеңіп алды: Досмухамед Гульназ (Хореографиялық ұжым жетекшісі, НХТ-04 тобы) және Шерф Дарья (Аспаз ісі, ТПП-02 тобы). Сарапшы-компатриоттар – Орлова Д.С. және Сарбаева Н.С.

Чемпионаттың күміс жүлдегері – Кожбанова Жамиля (Сән технологиясы құзыреттілігі, ТШП-03 тобы). Сарапшы-компатриот – Сильянова А.Н.

Чемпионаттың қола жүлдегері – Ерёмин Артём (Дене шынықтыру және спорт, ФКС-04 тобы). Сарапшы-компатриот – Хабибуллина М.А.

Колледжіміздің абыройын асқақтатқан студенттер мен педагогтарды шын жүректен құттықтаймыз!

РӘГК АЛҒА!!!

 

Continue reading WorldSkills Kostanay-2026 нәтижелері

WorldSkills Kostanay-2026 в РСГК День 3

20 мая завершились соревнования по компетенции Преподавание в начальных классах. Все участницы показали очень достойный уровень подготовки и знание основ педагогики и научно-исследовательской деятельности. Окончательные результаты будут известны в пятницу, 22 мая.

Continue reading WorldSkills Kostanay-2026 в РСГК День 3