Емтихандар – өз қабілетіңді көрсету мүмкіндігі. Егерде сен ештене білмейтін болсаң, онда бұл кеңестер саған көмектесе алмайды. Сенің білімің терең болса, бұл кішкентай амалдар емтихан барысында толқымауға және оқытушыларға жақсы әсер қалдыруға көмектеседі. Есте сақта: ең мықты студенттер кеңестерді жібермеуге тырысады. Сұрақтар деңгейі емтиханға даярлық деңгейін айқындайды.бұл саған сенен талап етіліп отырған білім деңгейінің, оқытушының мінездемесе туралы көрініс.
- Емтиханға соңғы болып кіретіндер үштен артық бағаға үміттенбейтіндер. Топта соңғы болып жауап беретіндер жүйке жүйесі мықтылар. Одан да алғашқы бестіктің төртіншісі болып кірген жөн: алғашқы кіргендер жауап беріп жатқанда сенің дайындалуға уақыт болады. Бұл баршаға мәлім. Сондықтан да емтихандарды тапсыруға ерте кел.
- Психологтар емтихан алушыларға қарағанда 3-4 есе көп сөйлеуге кеңес береді.
- Жауап беру барысында кесте немесе сұлба сызу мүмкіндігі болса, онда ол мүмкіндікті жіберіп алма. Сурет салу барысында жауап беру әсерлі көрінеді: осылайша, сен тақырыпты еркін меңгергеніңді көрсетесің.
- Егер сенің көру жадың жақсы болса, кітап немесе конспект беті көз алдыңа елестейді. Жұмыс жағдайына келгенде сұрақтарды мұқият оқы. Жақсы білетін сұрағыңнан бастап. Қобалжыма, алғашқы минутта өзіңді ештеңе білмейтіндей сезінесің. Бұл құбылыс бәрінде болады. Егер сен бірдеңе білетін болсаң, барлық ақпарат есіңе түседі.
- Егер қандай да бір анықтама немесе формула есіңе түспей жатса – парақта орын қалдырып, бұл сұраққа артынан жауап бересің. Уақыт аяқталып жатса, жауап берудің қысқаша жоспарын жаса. 100%-дық жетістікке сенімді болсаңда жауап беруге таза парақпен шықпа. Осылай сен емтиханды елемейтініңді көрсетесің. Белгілі болғандай, абстрактілі ойлауға қарағандабірнеше нақты цифрлар мен фактілерді жүргізу көп әсер етеді.
Әдетте, жұмыс соңында емтихан алушылар міншіл болады. Ол жиі тоқтатып, қосымша сұрақтар қоядыү өз біліміне сенбайтіндердің күте тұрғандары жөн. Ереже бойынша емтихан соңында жақсы бағалармен «ақталады», «үздіктер бірінші барады» стереотипі іске қосылады. - Жауап берер алдындаемтихан алушының мінез-құлқын қадағала: ол қалай тыңдап отыр, қандай сұрақтар қойып отыр, оған не ұнайды, не ұнамайды.
- Емтихан билеттерінің барлық сұрақтарын біліп тұрсаңда, бастапқы сөйлемдерін жаз, егер жауап беруге дайын болсаң, демалып ал. Достарыңның қалай жауап беріп жатқанын бақыла – ол саған керек болуы мүмкін.
- Егер тек сен ғана сөйлеп жатсаң, емтихан алушымен байланыс жасау қиын болады. Егер емтихан алушы көп сөйлеп жатса, она ол жауап беріп жатқандай болады. Екеуі де келеңсіз жәйт. Егер емтихан алушы кері байланыс жасамаса, қандай әсер беретінің белгісіз. Сондықтан да, бастамашылықты өз қолыңа ал. Айтатындарыңды үзіліс жасап, риторикалық сұрақтар қойып айт. Сабырмен тыңда.
- Егер сені емтихан алушы үздіксіз бөле берсе, кідірісті барынша қысқартуға тырыс. Бұл ретте, тез, сенімді және жеткілікті қатты айт. Ең өкініштісі, сен жақсы білетін нәрсені оқытушының саған түсіндіруі.
- Сенің жауабыңның тиімділігі сөйлеген сөзіңнен анықталады. Сөздің соңын айқын айтпау, айқындалмаған дикция, тез сөйлеу емтихан алушыға кері әсер етуі мүмкін.
- Жалпы әсерді бұзбау үшін сөз жүйесін жоғалтып алма, жауап темпін ұста, маңызды анықтамаларды интонация арқылы ерекшеле, оларды қайталаудан ұялма. Егер сен бәрін айтып болсаң, ал емтихан алушы жауап беруді әрі қарай жалғастыруыңды күтсе, айтқан ойларыңды басқаша жеткіз.егер меңгерген материалдарыңды жақсы жеткізе білсең, жауап интонациясы мен ритміне көңіл бөл.
- Емтихан алушының сенің жауабыңды бағалауына әсер ететін факторлардың ішінде алдыңғы студенттің білім деңгейі барынша орын алады. Тікелей жауаптар фонында сен әлде қайда жақсы көрінесің. Егер алдыңғы студент жаман жауап берсе, онда сен басқа жауап беруге тырыс. Егер сенің алдыңдағы студент оқытушыны өз жауабымен зеріктірсе, сен барынша асықпай, әр сөзіңді саралап жауап беруге тырыс. Жолы болмаған адамнан кейін жауап беру оңайырақ болады.
Емтиханға дайындалғанда ескеретін жәйт: өзіңнің кім екеніңді анықтау – «үкі» немесе «бозторғай», таңғы немесе кешкі уақытты мақсималды түрде жүктеу, дайындықтың әрбір күніне жоспар құру, бүгін нені, қай пәнді, қай бөлімді зерделейтініңізді нақты айқындау; бөлімнің ең қиынынан бастау қажет, егер бұл бөлімді зеределегіңіз келмесе, басқа тақырыпты таңдағаныңыз жөн, бұл сізге жұмыс нысанына кіруге, жоспарларды, сұлбаларды, құру есебінен материалдарды құрылымдауға көмектеседі, олар материалдарды қысқаша қайталау және емтиханда жауап беру кезінде тиімді; жүйелі түрде қысқаша үзілістер жасап отыр: шаршауды күтпей демалып отыр; түнде жақсы ұйықтау және демалып тұруың, күш-қуат жинауың үшін кешкісін емтихан алдында басқа істермен айналыс; психологиялық түрде дайындаоу үшін таңертең ұйқыдан тұрғаннан соң өткен материалдарды қайтала – біліміңді жинақта!