Кітап оқитын ұлт

2026 жылғы 1 қыркүйектен бастап мақсаты қоғамда оқу мәдениетін қалыптастыру және кітапқа деген қызығушылықты арттыру болып табылатын «Кітап оқитын ұлт» республикалық жобасы басталды.

Байқауға қатысушылардың санаттары:

Оқитын педагог – техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының (колледждердің) педагогтері.

Оқитын колледж – колледж студенттері.

Оқитын зиялы қауым – оқу мәдениетін дамытуға қызығушылық танытатын азаматтардың барлық санаттары.

Оқитын әулет – отбасылар және әртүрлі буын өкілдері.

Қатысушылардың әрбір жас және кәсіби санаты үшін 15 кітаптан тұратын жеке, бейімделген кітаптар тізімі жасалады.

ӨҢІРЛІК ЖҮЛДЕ ҚОРЫ

600 000 ₸ – 1 орын

450 000 ₸ – 2 орын

300 000 ₸ – 3 орын

ЖОБА КЕЗЕҢДЕРІ

2026 жылғы тамыз – қыркүйек – Бастау және тіркеу.

reading-nation.kz порталында қатысушыларды тіркеу науқаны басталады.

2026 жылғы қыркүйек – 2027 жылғы наурыз – Кітап оқу.

Ұлттық оқырман марафоны аясында қатысушылардың 15 кітапты оқуы.

2027 жылғы наурыз – сәуір – Тесттер мен квиздер.

Тестілеу кезеңдерін, мектепішілік, аудандық және облыстық квиздерді өткізу.

2027 жылғы сәуір – Гранд-финал.

Финалдық сайыстарды өткізу және жеңімпаздарды салтанатты марапаттау рәсімі.