«Таза Қазақстан» акциясы аясында «Өнегелі ұрпақ» бағыты бойынша колледж студенттері арасында экологиялық тәрбие сағаттары өткізілді. 🌿
Іс-шараның мақсаты — жастардың экологиялық мәдениетін қалыптастыру, табиғатқа деген жауапкершілігін арттыру, қоршаған ортаны қорғауға және туған өлкенің тазалығын сақтауға тәрбиелеу.
Тәрбие сағаттары барысында студенттер қоршаған ортаны қорғаудың маңыздылығын талқылап, тазалықты сақтау әрбір азаматтың міндеті екенін түсінді.
🌱 Таза табиғат — жарқын болашақтың кепілі!





















