Ішкі тәртіп ережесі

Ы.Алтынсарин атындағы Рудный әлеуметтік-гуманитарлық колледждің студенттері үшін ішкі тәртіптеме ережесі

  1. Жалпы ереже:
  2. Колледж студенттері үшін ішкі тәртіптеме ережесінің тәртіпті нығайтып, оқу сапасын арттыруға бағытталған мақсаты бар.
  3. Ішкі тәртіптеме ережесі колледждің барлық студенттеріне бірдеу таратылады.

 

  1. Оқу тәртібі:
  2. Колледжде оқу сабақтары оқу жоспары негізінде семестрге құрастырылған кестеге сәйкес өткізіледі.
  3. Сабақ кестесі колледж директорымен бекітіліп, колледждің көрінерлік жерінде орналастырылады.
  4. Сабақтың басталғандығы және аяқталғандығы туралы студенттер қоңырау беру арқылы жарияланады.
  5. Коллежде  сабақ сағатының ұзақтылығы – 90 минут, бес минуттық үзіліспен.
  6. Оқу және оқыту-өндірістік жайлардың тиісті тазалығы пен тәртібін колледждің техникалық персоналы мен студенттері қамтамасыз етеді.
  7. Сабақ басталғаннан кейін барлық оқу іс бөлмелері мен жақын орналасқан жайларда сабақтың тиісті түрде өтуі үшін тыныштық пен тәртіп қамтамасыз етілуі керек.
  8. Оқу сабақтарын үзуге жол берілмейді. Қоңыраудан кейін сабаққа кіру тек директор немесе оның орынбасарлары мен бөлім меңгерушілеріне ғана рұқсат беріледі.
  9. Әрбір оқу тобында, оқушылардың пікірлерін ескере отырып, неғұрлым тәртіпті және үлгерімі жақсы студенттердің арасынан топ старостасы бекітіледі.
  10. Оқу тәртібінің бақылауын іске асыру үшін, колледжде әкімшілік, оқытушылар мен студенттердің кезекшілігі енгізілген.
  1. Студенттердің құқықтары мен міндеттемелері:

Колледж студенттерінің құқықтары:

  1. Оқу аудиторияларын, оқу залын, кітапхана, спорт және акт залдарын,сондай-ақ басқа да  оқыту, қосалқы-оқу мекемелерін, колледждің мүккамалдары және жабдықтарын қолдануға құқылы.
  2. Коллеждің өзін-өзі басқару органдарына сайлануына.
  3. Колледж қызметінің маңызды мәселелерін шешуге қатысуға.
  4. Колледждің қоғамдық өміріне қатысуға:спорт секцияларына, көркем өне шығармашылығының үйірмелеріне, сайыстарға, конференцияларға және т.б.
  5. Колледждің бұйрықтары мен өкімдері заңнамамен орнатылған тәртіпте шағымдалып, қайта қарастырылады.
  6. Студенттер мен колледж қызметкерлерінің арасында туған дау-дамайлар барлық тараптардың мүдделерін ескере отырып шешіледі. Студенттер мен оқытушылар арасындағы дауды шешу  күрделенген жағдайда, студенттер колледждің әкімшілік мүшелеріне жүгінуге құқылы.
  7. Оқудағы жетістіктері мен колледждің қоғамдық өміріне белсене қатысқандары үшін:
  • Алғыс жарияланады.
  • Құнды сыйлықтармен марапатталады.

Колледж студенттері міндетті:

  1. Колледждің Жарғысымен көзделген талаптар мен колледждің ішкі тәртіптеме ережесін сақтауға;
  2. Өздері таңдаған мамандық бойынша теориялық білім мен  тәжірибелік әдеттерді  үнемі терең меңгеріп отыруға;
  3. Міндетті оқу және тәжірибелік сабақтарға баруға;
  4. Белгіленген мерзімдерде оқу жоспарлары және оқу бағдарламаларымен қарастырылған барлық тапсырмаларды орындауға;
  5. Оқу ғимараты мен жатақханада өз-өзіне қызмет ету бастамасында тазалық пен тәртіпті ұстануға, қоғамдық-пайдалы еңбек іс-шаралараны қатысуға;
  6. Колледждің мүккамалдарына құнтты қарауға;
  7. ЗБелсенді өмір позициясынұстануға, колледждің қоғамдық өміріне қатысуға;
  8. Тек колледж ішінде ғана емес, сонымен қатар, көшеде, қоғамдық жерлерде қоғамдық тәртіпті бұзбай, ұқыпты, тәртіпті болуға;
  9. Сабақты дәлелсіз себептермен қалдырмауға;
  10. Ұлттық, жалпыадамгершілік және рухани-адамгершілік құндылықтарды құрметтеуге;
  11. Әскери есеп ережесін сақтауға;
  12. Колледж әкімшілігінің талабы бойыншаішкі тәртіп Ережесі мен колледждің басқа да жергілікті нормативтік құжаттары мәселесі бойынша жазбаша түрде түсініктеме беруге;
  13. Отбасылық және (немесе) әлеуметтік жағдайы, тұрғылықты мекен-жайы, телефон нөмірі өзгерген жағдайда, ол туралы жоғарыда аталып өткен өзгерістер болғаннан кейін 3 –күндік мерзім ішінде Колледжге хабарлауға;
  14. Өзінің жалпы азаматтық және мәдени деңгейін арттыруға;
  15. Тәртіпті болуға;
  16. Сыпайы болуға,аудиторияға ересектер кіргенде орнынан тұруға, сұрақ-жауап барысында оқытушының рұқсатымен ғана отыруға.Кездескен кезде оқытушылармен және колледж қызметкерлерімен бірінші болып сәлемдесуге, сырт келбеті ұқыпты болуға және өзін сабырлы, әдепті ұстауға;
  17. Колледжде оқытушылармен, қызметкерлер және студенттермен сыпайы және биязы болуға;
  18. Сабаққа қажетті оқу құралары мен жазу керек-жарақтарымен келуге;
  19. Оқытушалр, колледж қызметкерлері мен студенттердің жеке қадір-қасиеттерін сыйлауға;
  20. Аспап, құрал-саймандармен жұмыс кезінде, өндірістік тәжірибе барысында қауіпсіздік техникасын қатаң сақтауға;
  21. Колледжде орнатылған өту режимин сақтауға. Колледжге жеке магниттік карточкасыз келген жағдайда, студент тек директордың немесе оның орынбасарлары, бөлім меңгерушілерінің  рұқсатымен ғана сабаққа жіберіледі;
  22. Оқу сабағы үстінде студенттер оқытушының түсінідіріп отырған материалы мен басқа студенттердің беріп отырған жауаптарын мұқият тыңдап отыруға міндетті, бір-бірімен сөйлеспей, бөгде істермен айналыспай, оқытушының берген тапсырмасын орындауға міндетті;
  23. Студенттерге колледжге пісте, насыбай әкелуге, колледж маңайында, сондай-ақ колледжге жақын орналасқан үйлердің подъездерінде шылым шегуге тыйым салынады. Студенттерге сабақ үстінде ұялы телефон қолдануға болмайды;
  24. Оқу сабағында студенттер оқытушының түсінідіріп отырған материалы мен басқа студенттердің беріп отырған жауаптарын мұқият тыңдап отыруға міндетті, бір-бірімен сөйлеспей, бөгде істермен айналыспай, оқытушының берген тапсырмасын орындауға міндетті;
  25. Студенттер оқу сабағы кезінде колледж ішінде өз досатармен кездесу ұйымдастыруларына болмайды;
  26. Студенттер  бір-бірімен тек колледж ішінде ғана емес, оның сыртында да сабақтан тыс уақытта мәдениетті түрдегі қарым-қатынаста болуы керек;
  27. Сабаққа науқастануына немесе басқа дәлелді себептерменкелмей қалған жағдайда, студент бөлім меңгерушісіне немесе сынып жетекшісіне хабарласуы тиіс (3-күндік мерзімнен кештетпей).Науқастанған жағдайда студент емделу мекемесінен анықтама ұсынуы керек. Сабақта не үшін болмағандығын растайтын құжаттары жоқ студенттер оқу тәртібін бұзған болып есептеледі және оларға қатысты колледждің ішкі тәртіп ережесімен және оқу шартымен көзделген шаралар қолданылады;
  28. Сабақ басталғанға дейін сырт киімдерін киім сақтау орнына тапсырып, аудиториядағы  өз оырндарына жайғасып, болатын сабаққа дайындалып отыру керек;
  29. Студенттердің сабаққа кешігіп келулеріне құқылары жоқ. Аудиторияға дәлелді себепсіз қоңырау соғылғаннан кейін кірсе, оқу тәртібін бұзғаны деп саналады;
  30. Тәртіпті бұзған, сабаққа кешігіп келген жағдайларда, оқытушы студенттің аты-жөнін тәртіп журналында белгілейді. Тәртіп журналында аты-жөні көрсетілген студенттерге қатысты қолданатын шара колледждің оқытушалыр кеңесінің шешімімен анықталады;
  31. Студенттер сабаққа қажетті оқу құрлдары мен жазу керек-жарақтарын алып келуге міндетті.Студенттің жұмыс үстелінде бөгде заттар жатпауы керек. Қажетті оқу құралдары үнемі болмайтын жағдайда оқу тәртібінің бұзылғандығы деп саналады;
  32. Оқытушының рұқсатынсыз студенттердің жауаптарын түзетуге болмайды;
  33. Сұрақ-жауап барысында студент оқытушының рұқсатымен ғана орнына отыруы керек;
  34. Оқытушыдан сұрақ сұрағысы келген студенттер, қолдарын көтеріп, тек оқытушының рұқсатымен ғана орындарын тұрып, сұрағын қоя алады;
  35. Дене шынықтыру сабақтарында студенттер спорт үлгісіндегі киімде келулері керек;
  36. Егер оқытушы ескерту жасаса, онда студент онымен керіспеуі керек;
  37. Егер студент дәлелді себептермен сабаққа дайын болмаса, ол оқытушыны сабақ басталмай тұрып ескертуі қажет;
  38. Жауап беруден себепсіз бас тарту салдарынан қанағаттанарлықсыз баға алуға әкеп соқтырады;
  39. Сабақ қалдырған студенттер алдағы аптада қалған сабақтарын өтеулері тиіс;
  40. Студенттер колледж жоспарымен және сынып жетекшісінің тәрбие жұмысы бойынша жоспарымен көзделген сынып сағаттарына қатысуға міндетті;
  41. Колледждің оқушылар ұжымының қызметін үйлестіру мен санитарлық-гигиеналық тәртіпті ұстану мақсатында колледжде кезекшілік орнатылған. Кезекші топтардың міндеттері колледжде қабылданған кезекшілік топ туралы ережемен реттеледі;
  42. Колледжде өз-өзіне қызмет көрсету бойынша келесі жұмыстар қарастырылған:
  • аудиторияның толық жинастырылуы айына бір рет.
  • Колледжің маңайы мен жақын орналасқан 50 лет Октября көшесінің алаңын жинау сенбіліктері (кестеге сәйкес);
  1. Студенттердің барлығы топ және колледж бойынша кезекшілердің талаптарын сөзсіз орындаулары тиіс;
  2. Студенттер тек сабақ барысында ғана емес, сонымен қатар сабақтан тыс уақытта да өзін-өзі ұстау мәдениетінің мөлшерлерін бұзбаулары тиіс және оқытушылардың жеке бастарына қатысты теріс қатынас көрсетулеріне болмайды;
  3. Студенттере үзіліс кезінде жүгіруше, шулауға болмайды. Колледж қызметкерлерін кездестірген кезде олармен амандасып, жол беру керек;
  4. Колледж студенттерінің сыртқы көріністері ұқыпты және іскерлік оқу жағдайны сәйкес болуы керек;
  5. Колледжге деген рухани құрметтің зиялылық және тәрбие принциптерін басшылыққа ала отырып, колледждің студенттері, оқытушылары мен қызметкерлерінің сыртқы көрінісі туралы Ереже сақтауы керек;

– Студенттердің киімі мен аяқ киімі мен ұқыпты және таза болуы керек.

– Студенттердің шаш үлгілері мен киімдері ұқыпты және қарапайым болуы керек.

– Студенттің шаш үлгісі қоршаған ортаның көзіне түспейтіндей  ұқыпты болуы керек.

– Студенттердің дене шынықтыру сабақтарынан тыс сабаққа спорттық киіммен келуіне жол берілмейді (спорттық щалбар, олимпийкалар, спорттық «жейделер» және т. б.).

– Колледжде сабаққа киіп келуге ұсыныналыт киімдер:

ұлдарға – классикалық костюм, жейде немесе шалбар (спорттық емес), тоқыма жылы киім (пуловер, жемпір, жейде),

қыздарға – аудиториялық сабақтарға келісімді іскерлік ээтикетке сәйкес келетін кез келген киім.

– Колледжде сыртқы киіммен жүруге тыйым салынады.

– Сабаққа спорттық киіммен, джинсы, бриджимен немесе ұқыпсыз киіммен келген студенттер сабаққа кіргізілмеуі мүмкін. Іскерлік киім стилін ұстану қажет: (ұлдар үшін-қара түсті аяқ (туфли), қара  үсті шалбар, ашық түсті жейде, галстук пен пиджак, қыздар үшін – өте биік өкшелі емес қара түсті туфли (ботинки) (7 см. дейін), қара түсті юбка (тізеден 5 см жоғары болмайтын), ашық түсті блузка, пиджак;

  1. Студенттерге колледж ішінде пальто немесе бас киіммен жүруге рұқсат берілмейді.  Бас киім колледжден шығар кезде киіледі.
  2. Оқу тәртібін, жатақхана мен  ішкі тәртіп ережесін бұзған студенттерге қатысты келесі тәртіптак жазлар қолданылады:

– ескертулер;

– сөгіс (директордың бұйрығымен жарияланады);

– қатаң сөгіс (жеке іс парағына енгізіледі);

– Колледжден шығарылады.

  1. Студенттер Колледж студенттерінің құрамынан шығарылуы мүкін:

– өз қалаулары бойынша,

– ДКК снықтамасы негізінде денсаулығына байланысты,

– басқа білім беру ұйымына көшірілуіне байланысты (тек жазғы немесе қысқы демалыс кезеңінде),

– 3-тен астам пән бойынша академиялық берешек болған жағдайда (сессия қорытындысы мен оқытушылар кеңесінің шешімі бойынша),

– Колледждің ішкі тәртіп ережесін бұзғандығы үшін,

– оқу ақысын төлемегені үшін (коммерциялық топтардың студенттері үшін).

  1. Күзгі-көктемгі кезеңде екінші аяқ киім болу міндетті.
  2. Студенттердің жеке магниттік карточкалары болмаған жағдайда, колледж жайына тек директордың, оның орынбасарлары немесе бөлім меңгерушілерінің рұқсатымен турикеттегі кнопканы басу арқылы жіберуге рұқсат беріледі.
  3. ҚР Заңнамасымен орнатылған басқа талаптарды да орындау;

Ішкі еңбек тәртібінің осы ережесі Колледждің кәсіподақ ұйымымен келісілген, 2017 жылғы 02 қыркүйектен бастап өз күшіне енген және жаңа ішкі еңбек тәртіп ережесін қабылдаған уақытқа дейін әрекетте болады.