All posts by Редактор

РӘГК-да «WorldSkills Kostanay-2026»

2026 жылғы 18–20 мамыр аралығында колледж базасында «Бастауыш сыныптарда оқыту» құзыреттілігі бойынша кәсіби шеберліктің облыстық «WorldSkills Kostanay-2026» чемпионаты өткізілуде.

Чемпионатқа 3 колледжден 6 қатысушы қатысуда. Қатысушылар үш конкурстық модуль аясында өздерінің кәсіби дағдыларын көрсетеді: сабақ фрагментін әзірлеу және өткізу, сыныптан тыс іс-шара ұйымдастыру, сондай-ақ білім алушылардың жобалық-зерттеу қызметін ұйымдастыру.

Чемпионат тәжірибе алмасу, кәсіби шеберлікті көрсету және болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің заманауи педагогикалық құзыреттерін дамыту алаңына айналады.

Әлеуметтік-мәдени демалыс бағытындағы мекемелер жұмысында құқықтық мәдениетті қалыптастыру

НХТ-03 тобының студенттері 8 сәуір күні қалалық музей қызметкерлерімен және «Жанұя» отбасы және белсенді ұзақ өмір сүру орталығының мамандарымен кездесті. Кездесу тақырыбы – әлеуметтік-мәдени демалыс бағытындағы мекемелер жұмысында құқықтық мәдениетті қалыптастыру болды. Іс-шара Рудный қаласының мәдениет мекемелерімен серіктестік ынтымақтастық аясында өтті.

Сауірдін 3-і куні «Дене шыныктыру жене спорт»

мамандырынын 4 курс студенттеріне арналан касіби байкауы етті (уйымдастырушы: дене тербиесі окытушылары Оразбаев М.М.,Манаубаев Т.С. ). Бул студенттердын оку барысында алган теориялык жане практикалык білімдерін керсетуге барыттал ан манызды іс-шара.

Жарыстын максаты: болашак, мамандардын касіби кузыреттілігін аныктау; «Дене шыныктыру мугалімі» маманды ын насихаттау жане танымал ету; спорттык-педагогикалык шеберлікті дамыту; касіби диплом алдындаты тажірибенін натижелерін корытындылау.

Курамында эксперттік казылар алкасы: Курманбаева Ш.Б., Аркулов A.T., Мажен Д. Байкау корытындысы бойынша женімпаздар: Жанахмет М. – 1 орын, Жайылханов М. – 2 орын, Усенханов Н. – 3 орын. Мундай жарыстар студенттердін касіби дайындык, денгейін багалауга кемектеседі. Катысушылар дипломдармен, медальдармен марапатталды.

Baby Skills бойынша «Дене шынықтыру және спорт» құзыреттілігі

Арнайы пәндер оқытушылары Коваль Р.Г., Макишев С.Ж., және Шакенов Р.Б. жетекшілігімен, сондай-ақ 4-курс студенттерінің қатысуымен 1 сәуірде Рудный қаласы мен Качар ауылындағы 11 мектепке дейінгі ұйымның балалар арасында Baby Skills «Кішігірім ашылымдардың шеберханасы» атты қалалық жарыс ұйымдастырылды. Жарысқа қатысқан ең спортты және шебер балалар арасынан жеңімпаздар анықталды.
Жарыс нәтижелері: 1 орын – Ахметов Алим (я/с Жас-Бобек); 2 орын – Серикжанова Айлана (КПП ОШ№ 14); 3 орын – Скаков Тимур (я/с Болашак -20)

Continue reading Baby Skills бойынша «Дене шынықтыру және спорт» құзыреттілігі

«Junior Skills Рудный-2026» чемпионаты аясында өткен

31.03.2026 «Қазақстанның болашағы біздің қолымызда» конкурсының «Графический дизайн» құзыреттілігі бойынша жеңімпаздар:

I орын — Мариков Андрей (Абай атындағы жалпы ОМ)

II орын — Сулиз София (№4 мектеп-лицей)

III орын — Азатов Самат (ОМ №1)

Жеңімпаздарды шын жүректен құттықтаймыз!

Сіздерге шығармашылық табыс, жаңа жетістіктер және жарқын болашақ тілейміз!

«BabySkills Рудный-2026» «Хореография» компетенциясы

31.03.26 күні «Хореография» бағытында «BabySkills Рудный-2026» қалалық конкурсы «Қазақстан болашағы біздің қолымызда» ясли-сад №10 базасында өтті. Ұйымдастырушы — РӘГК. Қазылар алқасының құрамында колледж оқытушылары, тәуелсіз сарапшылар: Щеголихина М.Д., Орлова Д.С., Быков В.А. және оқу-өндірістік жұмыс жөніндегі директордың орынбасары Голованова В.И. болды. Конкурс қорытындысы бойынша жеңімпаздар анықталды: — Зайцева Арина (я/с №2, педагог-тәлімгер Радионова Л.Л.) және Жовнер Ева (я/с №5, педагог-тәлімгерлер Вагенлейтнер О.А. және Гетьман А.М.). 2 орын — Пуртова Яна (я/с №5, педагог-тәлімгерлер Вагенлейтнер О.А. және Гетьман А.М.) және Бучель Ангелина (я/с №13, педагог-тәлімгер Хрипун Е.В.). 3 орын — Бучель Эвелина (я/с №13, педагог-тәлімгер Хрипун Е.В.) және Исакова Арья (я/с №6, педагог-тәлімгер Шевчук А.Ю.).

Continue reading «BabySkills Рудный-2026» «Хореография» компетенциясы