Juniorskills-РСГК-2026 «Аспаз ісі» құзыреті

2026 жылғы 2 наурызда «И.Алтынсарин атындағы Рудный әлеуметтік-гуманитарлық колледжі» КМҚК базасында «Аспаз ісі» құзыреті бойынша Juniorskills стандарттары шеңберінде 9-сынып оқушылары үшін қалалық кәсіби шеберлік конкурсы өткізілді. Байқауға Рудный қаласының білім бөлімінің № 1, № 4, № 11 және № 17 мектептері қатысты.

Байқау бағдарламасында технологиялық жүйелілікті, санитарлық-гигиеналық талаптарды және эстетикалық беру ережелерін сақтай отырып, көкөніс винегретін дайындау болды.

Жарыс қорытындысы бойынша 1 орынды Писарь Варвара (№ 1 мектеп), 2 орынды Бушуева Элла (№ 11 мектеп), 3 орынды Тронина Ангелина (№ 4 мектеп-лицей)  иеленді. Барлық қатысушылар сертификаттармен, дипломдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.

Байқау «Кәсіптік оқыту» мамандығы шеңберінде мектеп оқушыларын Тағам өнімдерін өндіру технологының біліктілігімен таныстыруға бағытталған маңызды кәсіптік бағдарлау іс-шарасы болды. Juniorskills өткізу кәсіпті саналы түрде таңдауға және кәсіптік білім беру саласына қызығушылықты арттыруға ықпал етеді.