All posts by Редактор

Өрт дабылы

2022 жылға арналған кешенді және тактикалық-арнайы оқу-жаттығуларды өткізу жоспарына сәйкес, Рудный қаласының объектілерінде оқу-материалдық базада өрт болған жағдайда ғимараттан эвакуациялық шығу оқу-жаттығуы біздің колледжде өткізілді. Сағат 10.50-де «Өрт дабылы» сигналы бойынша 7 минут ішінде колледж студенттері, оқытушылары, қызметкерлері ұйымдасқан түрде колледж ғимаратынан шығып кетті.

Кәсіптік білімнің қарашаңырағы

Дархан даланың дара ұстазы Ыбырай есімін иеленген өңіріміздегі кәсіптік білімнің қарашаңырағы Рудный әлеуметтік – гуманитарлық  колледжі бүгінде заман талабына сай білікті мамандар даярлап  , білім кеңістігінде биік  белестерді бағындырып , құлашын кеңге жайып дамып келеді.

Тарихқа шегініс жасап көз жүгіртсек , Ы. Алтынсарин атындағы Рудный әлеуметтік-гуманитарлық колледжі (Меңдіқара педучилищесі) Қостанай облыстық кеңесі атқарушы комитетінің шешімімен 1940 жылы 7 шілдеде құрылды. Оқу орны 1917 жылғы төңкеріске дейін Орыс-қырғыз училищесі деп аталып, өзінің тарихын Ы. Алтынсариннен бастап жүргізген Боровской қазақ мектебі аумағында орналастырылды. 1949 жылдан бастап колледж көрнекті педагог және ағартушы Ы. Алтынсариннің атымен аталып келеді. 1942 жылы училище 33 адамнан тұратын алғашқы түлектерін шығарды. 1974 жылы педучилище Рудный қаласына ауыстырылып, Рудный педагогикалық училищесі болып өзгертілді. ҚР Қостанай облыстық әкімшілік басшысының 1992 ж. 12.06-ғы шешімімен Рудный педагогикалық училищесі Рудный педагогикалық колледжі болып қайта ұйымдастырылды. 2000 жылы Қостанай облысы Білім департаментінің 2000 ж. 06.06-ғы № 158 бұйрығымен Рудный педагогикалық колледжі Рудный әлеуметтік-гуманитарлық колледжі болып өзгертілді. 2005 жылы колледж «Қостанай облысы әкімдігі Қостанай облысы Білім департаментінің Ы. Алтынсарин атындағы Рудный әлеуметтік-гуманитарлық колледжі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны мәртебесін алды. Оқу орны ашылғалы бері 12000 мыңнан астам жоғары білікті мамандар түлеп ұшып , нарықтық қоғамның игілігі үшін еліміздің  түкпір-түкпірінде абыроймен еңбек етуде. Олар –  колледж мақтанышы. Continue reading Кәсіптік білімнің қарашаңырағы

Ыбырай-шағын әңгіме шебері

Биылғы Республикалық деңгейде     аталынып өтіп жатқан Ыбырай бабамыздың  180 жылдық мерейтойы қарсаңында   ұлы педагог есімін мақтанышпен иеленген Рудный әлеуметтік-гуманитарлық колледжінде де тағылымы мол , пәрмені күшті игі шаралар жоғары дайындықпен ұйымдастырылып өткізілуде.  Соның бірі Ыбырай   Алтынсариннің қаламынан туындаған шағын жанрдағы әңгімелеріне    арналды. Мектепке дейінгі және бастауыш  білім беру бөлімінде өткізілген «Ыбырай шағын әңгіме шебері» деп аталған  сахналау шеберлігі байқауының мақсаты -даланың дара ұстазының шығармаларын  жастар  арасында кеңінен насихаттау мен оны қадірлеуге баулу. Сонымен қатар сөз өнеріне  қызығушылықтарын арттыру  арқылы  сахналық шеберліктерін дамыту.

Карантиндік шараларға байланысты байқаудың форматы қашықтықтан болғанына қарамастан студенттер өз  таланттары  мен зор мүмкіндіктерін  барынша көрсете білді. Continue reading Ыбырай-шағын әңгіме шебері

Міржақып Дулатов адалдық, тәрбие және теңдік туралы не жазды?

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің бастамасымен «Ұлт ұландары» тақырыбында кезекті онлайн адалдық сабағы өткізілді.

Адалдық сағаты қоғам қайраткері, жазушы, ағартушы, «Алаш» партиясының мүшесі, ұлы тұлға Міржақып Дулатовқа арналған.

Оның «Оян, қазақ» өлеңдер жинағы және «Бақытсыз Жамал» романы көрнекті әдеби шығармашылық және халықтың даналығы мен ізгілік үлгілері ретінде оқырманның жадында мәңгі сақталады.

Жыл сайын Қазақстанның жазушылар Одағымен Міржақып Дулатов атындағы әдеби сыйлықақы беріледі, ал туындылары көптеген ұрпақ үшін адами құндылықтардың үлгісі ретінде қызмет етеді. Бүгінгі күні біздің облыстық және республикалық маңызы бар қалаларымыздың негізгі көшелеріне оның есімін иеленсе, М. Дулатов атындағы Қостанай инженерлік-экономикалық университет қабырғасында студенттер арасында жыл сайын Дулатов оқуларын өтеді.

Міржақып Дулатовтың өмірбаяны шынайы патриот болуға, өз халқына адал және әділ қызмет етуге үйретеді.

Осы ұлы тұлғаның өмірбаяны мен творчествалық жолы туралы  онлайн «Адалдық сағаты» барысында қазақстандық жастардға айтылды.

 

ХИМИЯ НЕГІЗДЕРІ МЕН БИОЛОГИЯ ПӘНІНЕН ҚАШЫҚТЫҚ ОЛИМПИАДАНЫ ӨТКІЗУ ТУРАЛЫ ЕРЕЖЕ

Ы. Алтынсарин атындағы Рудный әлеуметтік-гуманитарлық колледжінің 1 курс студенттері үшін

  1. Жалпы ережелер

1.1. Осы Ереже химия негіздерімен биология пәнінен қашықтық олимпиаданы өткізу шарттары мен тәртібін анықтайды.

1.2. Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Ы.Алтынсарин атындағы Рудный әлеуметтік-гуманитарлық колледжі» КМҚК биология пәні бойынша қашықтықтан өткізілетін олимпиаданың ұйымдастырушылары мен бастамашылары болып табылады.

1.3. Олимпиаданың мақсаттары:

– 1 курс студенттеріне зияткерлік жарыстарға қатысуға және биология мен химия саласындағы білімдерін бағалауға мүмкіндік беру.

1.4. Олимпиаданың міндеттері:

– биология және химия колледж оқушыларының танымдық қызығушылығын дамыту;

– биология және химия саласында барынша дайындалған студенттерді анықтау;

– білім алушылардың өзіндік жұмыс дағдыларын жетілдіру және шығармашылық ойлауын дамыту;

1.5. Олимпиадаға колледждің 1 курс студенттері қатыса алады.

1.6.Олимпиадаға жеке қатысуы (жеке).

1.7. Олимпиадаға қатысу үшін 2021 жылдың 25 наурызына дейін (1-қосымша) өтінім беру қажет. saulesh17@mail.ru.

vegragom@mail.ru.

1.8. Олимпиаданы ұйымдастыру және өткізу туралы ақпарат колледж сайтында орналастырылады www.rsgk.edu.kz.

Қосымша ақпарат алу үшін мына телефондарға хабарласуға болады: +77759860891 Рыженкова Наталия Петровна, +77014270596 Канешова Саулеш Қажмұқанқызы.

  1. Олимпиаданы өткізу тәртібі мен мерзімдері

2.1. Олимпиада бір кезеңде жүргізіледі:

– сырттай – 2021 жылғы 25 – 31 наурызға дейін – олимпиаданың жеңімпаздары мен жүлдегерлерін анықтай отырып, қашықтықтан өткізіледі.

2.2. Олимпиада үш турдан тұрады:

1 тур–шығармашылық-5-10 минутқа өнер көрсету;

2 туртеретикалық-тестілеу;

3тур – практикалық-химия бойынша биологиялық міндеттер мен зертханалық жұмыстарды шешу

2.3. Тестілеуден өтуге сілтеме, тапсырмалар, жауап бланкілері, оларды толтыру қағидалары олимпиадаға қатысуға өтінімі болған кезде барлық қатысушыларға жіберілетін болады.

2.4. Байқау тапсырмаларын орындау 2021 жылдың 25-31 наурыз аралығында жоспарланған.

2.5. Практикалық тапсырмалары орындалған материалдар WinZip немесе WinRar бағдарламасымен мұрағатқа оралады және бірыңғай файлмен 2021 жылғы 30 наурызға дейін (қоса алғанда) электрондық пошта мекенжайына жіберіледі saulesh17@mail.ruvegragom@mail.ru

2.6. Қорытындылау – 31наурыз 2021 жыл.

 

3.Олимпиаданы ұйымдастыру және әдістемелік қамтамасыз ету

3.1. Олимпиаданы ұйымдастыру және өткізу бойынша жалпы басшылықты «Ы.Алтынсарин атындағы Рудный әлеуметтік-гуманитарлық колледжі»КМҚК директорының бұйрығымен бекітілген Ұйымдастыру комитеті жүзеге асырады.

3.2. Олимпиаданы Ұйымдастыру Комитеті:

– Олимпиаданы өткізуге басшылық етеді;

– қазылар алқасының құрамын бекітеді;

– олимпиаданың қорытындылары туралы қазылар алқасының шешімін бекітеді;;

– Олимпиаданы өткізуді әдістемелік қамтамасыз етуді жүзеге асырады;

– жеңімпаз дипломдарының үлгілерін, олимпиадаға қатысушылар сертификаттарының үлгілерін бекітеді;,

– Олимпиадаға арналған тапсырмаларды әзірлейді;;

– олимпиада жеңімпаздарын анықтайды.

3.2. Олимпиада негізгі жалпы, жалпы орта және кәсіптік орта білім берудің негізгі жалпы білім беру бағдарламалары негізінде құрылған тапсырмалар бойынша өткізіледі.

  1. Олимпиада нәтижелерін бағалау және қорытындылау

4.1. Олимпиада тапсырмаларының нәтижелері 100 балдық шкала бойынша бағаланады. Теориялық бөлім максималды 10 баллмен бағаланады. Биология және химия бойынша 3 баллдан тұратын практикалық тапсырмалар-12 балл. Теориялық және практикалық бөліктердің балдары жинақталады.

4.2. Олимпиаданың қорытындысын құрамында төраға мен қазылар алқасы бар қазылар алқасы шығарады. Қазылар алқасының құрамына биология және химия саласындағы мамандар кіреді;

3.3. Қазылар алқасының әрбір мүшесі қатысушылардың жұмыстарын әзірленген әдістеме мен бағалау критерийлеріне сәйкес тексереді, конкурстық тапсырманың орындалуын бағалау ведомосын толтырады, олимпиада жеңімпаздары мен жүлдегерлерін анықтайды. Олимпиаданың қорытындылары хаттамамен ресімделеді. Хаттамаға бағалау ведомостары қоса беріледі.

3.4. Олимпиаданың қорытындылары, жеңімпаздары мен жүлдегерлері туралы ақпарат «Ы. Алтынсарин атындағы Рудный әлеуметтік-гуманитарлық колледжі» КМҚК ресми сайтында 31.03.2021 ж. шығарылады.

3.5. Олимпиаданың жеңімпаздары мен жолдегерлері ең көп балл жинаған қатысушылардан анықталады.

3.6. Олимпиада жеңімпаздары 1 дәрежелі дипломдармен, ал жүлдегерлер 2,3 дәрежелі дипломдармен марапатталады.

3.7. Жүлделі орын алмаған қатысушылар сертификат алады.

3.8. Байқау нәтижелері, жеңімпаздар мен жүлдегерлер тізімі «Ы. Алтынсарин атындағы Рудный әлеуметтік-гуманитарлық колледжі» КМҚК ресми сайтында орналастырылады.www.rsgk.edu.kz.

қосымша 1. өтінім.

Азаматтық қорғаныс күні

2021 жылғы 01 наурызда «Ы.Алтынсарин атындағы Рудный әлеуметтік-гуманитарлық колледжінде» «Жас сарбаз» ӘДК «Жабағы батыр» бөлінісінің курсанттары арасында Азаматтық қорғаныс күніне арналған әскери-спорттық конкурс болып өтті.