25 ақпанда Жастар жылы аясында коллеждің оқу топтарында «Біз болашақпыз» сынып сағаттарының циклы болып өтті. Сынып сағаттарының мақсаты: жастар арасында құқықтық, мәдени-адамгершілік құндылықтарды қалыптастыру, салауатты өмір салтын насихаттау, көшбасшылық тәжірибеге бейімді дарынды жастардың бастамаларын қолдау, жастарды патриоттық отан сүйіспеншілігіне тәрбиелеу.
All posts by Редактор
Балабақша тәрбиешісінің қызметі арқылы қоғамдық сананы жаңғырту
Қала мектептерінің оқушыларына кәсіптік бағдар беру мақсатында Ы.Алтынсарин атындағы Рудный әлеуметтік-гуманитарлық колледжінің «Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту» мамандығының 2-курс студенттерінің ұйымдастыруымен «Балабақша тәрбиешісінің қызметі арқылы қоғамдық сананы жаңғырту» тақырыбында пікір талас ұйымдастырылды. Мақсат- мектеп оқушыларын алдағы оқу жылында ашылатын мамандықтар тізбегімен таныстыру және мамандық таңдауға бағыт сілтеу.
Пікір талас қонақтары қаламыздағы №19 орта мектебінің 9 «А»сынып оқушылары және сынып жетекшісі Жакслыхова Гулназ Нурмуратовна .
Алғашқы сөз кезегі бөлім меңгерушісі Ш.Б.Құрманбаева берілді, кейін қызу пікір-талас өз жалғасын тапты. МДТ-02 тобының студенттері Т.Туребаева, Ү.Омарова, А.Баймурзаева, О.Тыныштықова белсене қатысып, өзіндік ойларын еркін ортаға тастады. Үкімет және парламент болып сынға түскен екі жақта ұшқыр ой, нақты фактілерді тілге тиек етті.
Төрешінің шешімімен үкімет тарапы жеңіске жетті. Пікір-талас соңында 9 «А» сыныбының жетекшісі Г.Н. Жакслыхова өзінің алғысын білдіріп , шәкірттеріне мамандық таңдау еш қателеспей , егемен елімізге адал еңбек етулеріне тілектестігін білдірді.
Жайлаубаева И.Ж.
МДТ-02 тобының жетекшісі.
Заңды білмеу жауапкершіліктен босатпайды!
20 ақпан күні Рудный әлеуметтік-гуманитарлық колледжінде Рудный қаласының жасөспірімдер полиция бөлімінің учаскелік полциясымен «Жастар ортасындағы құқықбұзушылық ерекшеліктері мен оның алдын алу» тақырыбына лекция болып өтті. Шараның маққсаты: кәмелетке толмағандардың құқыққа қарсы теріс қылықтарының алдын алу.
Полицияның аға лейтенанты К.В. Заречная, аға лейтенанты Ж.А. Далдабаев, аға лейтенанты Т.У. Тапалов колледж студенттеріне кәмелетке толмағандардың түнгі мерзімде көшеде, көңіл көтеру мекемелерінде жүруіне қатысты Қазақстан Республикасының әкімшілік Кодексінің бірнеше баптары туралы түсіндіріп өтті.
Ауғаныстан – жүректегі мәңгі жара
18 ақпанда Кеңестер одағының әскерлерінің Ауғаныстан жерінен шығуының 30-жылдығына арналған «Ауғаныстан – жүректегі мәңгі жара» атты сынып сағаттары болып өтті. 1989 жылы 15 ақпанда Кеңестер одағының әскерлерінің ауғаныстан жерінен шығуы аяқталды. 14 мыңнан астам жауынгер еліне қайтып келмеді – соғыс тарихының бағасы осындай.
Сынып сағаттарынң мақсаты: отанға деген патриоттық сүйіспеншілікті қалыптастыру, өз тарихына қызығушылықтты арттыру, азаматтық позиция; отансүйгіштікке тәрбиелеу, Отанға деген сүйіспеншілік, үлкендерге құрмет, ой-өрісті дамыту және болашақ үшін жауапкершілікті дарыту.
Облыстық дебаттық турнир «Adal urpaq – el tiregi»
16 ақпанда Қостанай қаласының № 10 орта мектебінде «Adal urpaq – el tiregi» облыстық пікір талас турнирі болып өтті. Оған РӘГК-нің «Ыбырай ұрпақтары» командасы қатысты.
Ғалымхан Оралхан мен Каламбаева Азиза турнирге белсенді қатысқаны үшін марапатталды.
Адал дүкен
2018 жылғы желтоқсан айында Қазақстан Президентінің бастамасы бойынша «Сыбайластықтан бос өңірлер» старты берілген болатын. Қостанайда «Қостанай- адалдық алаңы» атты жобалық кеңсе жұмыс істей бастады, оның мақсаттарының бірі тұрмыстық сыбайластықты жою. Облыс әкімі Архимед Мухамбетовтың сөзінен, бұл жастардың барлық қажетті істерден құлағдар болуы үшін жасалған.
Жобалық кеңсенің енгізген бір жаңалығы біздің өңір үшін өте ерекше. Бұл оқу мекемелерінде орналасқан «Адал дүкендер». Онда мектеп оқушылары мен студенттер барлық қажетті заттарын сатып алуларына болады, ақшасын төлеп, артық ақшасын сатушының көмегінсіз қайырып ала алады, өйткені ол жерде сатушы ЖОҚ.
19 ақпанда Рудный әлеуметтік-гуманитарлық колледжде өзінің «Адал дүкені» ашылды. Мұндай жоба өте қызықты, өйткені жастармен өзара әрекеттің ерекше түрі болып табылады және оларға сыбайластыққа қарсы мәдениетті дарытады. Дүкеннің еш бақылауы жоқ. Ең бастысы – сенім.
«Адал дүкенге» колледждің студенттері ғана емес, соныен қатар оқытушылар да келді. Сатып алушылар өздері, кассирсіз кассаның рнына орнатылған жәшікке ақшаларын тастап, өздеріне қажетті өнімдерін алды. Мұндай акция РӘГК-нде бірінші рет өткізілді және студенттердң барлығына ұнады.
Сенім телефоны
Кеңес әскеріні Ауғаныстаннан шығаруының 30-жылдығына.
30 жыл бұрын, 1989 жылғы 15 ақпанда, кеңес әскери контингентінің Ауғаныстаннан шығарыруы аяқталды. Тоғыз жылға созылған соғыста 14 мың кеңес жауынгері қаза тауып, 50 мыңдайы жарақаттанды. Рудный қаласынан 150 жас жігіт шақыртылған болатын, олардың ішінде кейбіреуі қайтып оралмай қалды.
Ауғаныстан халқы мен үкіметкетің демократиялық қайта құруда көрсетілген көмегімен, Ауғаныстан соғысымен байланысты тарихтар алыстап бара жатқандай.
8-ші ақпанда «Айгүл» кинотеатрының әкімшілігі Рудный әлеуметтік-гуманитарлық колледжінің студенттері үшін «Исповедь диверсанта» атты Ауғаныстан соғысының оқиғасы туралы документалдық фильм көрсетілімін ұйымдастырды. Студенттер әскери әрекеттер мен шабуылдың басталу себептері туралы ақпарат алды.
Соғыстар аяқталады, ал тарих мәңгілік. Ауған соғысы да тарихта қалды. Бірақ адамдардың есінде мәңгі сақталады, өйткені, бұл соғыстың тарихы жауынгерлердің қаны және аналардың жасымен жазылған.
Музыкадан би туады …
31 қаңтар күні РӘГК студенттері мен оқытушылары оқытушылар А.С. Кыпшакбаева мен С.Н. Грибова және СКД-02 тобының студенттерінің күшімен ұйымдастырылған «Музыкадан би туады …» атты музыкалық-би өнерін тамашалау мүмкіндігін алды.
Хореография мен музыка арасында үлкен байланыс бар. Сондықтан да студент-хореографтар үшін фортепианодан жеке сабақтар аса маңызды рөл ойнайды. Өйткені бұл әмбебап аспап, ол аспапта классикалық және ұлттық музыканы ойнауға болады, сонымен қатар, бал және тарихи-тұрмыстық би де назардан тыс қалмайды.
Әртістер өздерін тек қана бишілер ретіндеге ғана емес, концертмейстерлер, вокалистер, би қоюшылар, костюм модельерлары ретінде көрсетті. Continue reading Музыкадан би туады …
Аутодеструктивтік мінез-құлықтың алдын алу
30 қаңтарда Рудный әлеуметтік-гуманитарлық колледжінің жатақханасында психолог Ю.Смолдарев пен медициналық қызметкер Л.Асташкинаның студенттермен кездесуі болып өтті. Кездесудің мақсаты кәмелетке толмағандар арасында суицидтік, аутодеструктивтік және өзін өзі бұзу мінез-құлқының алдын алу мен жастардың жыныстық қатынас тәрбиесі болып табылды.