Қазақстан халқының бірлігі Күнімен!

Бұлыңғыр ауа-райы мерекелік көңіл күйге кедергі бола алмады.  Рудный әлеуметтік-гуманитарлық колледжінің студенттері Қазақстан халқының бірлігі Күніне арналған қалалық мерекеге қуана қатысты.

Сатуға қойылған әр түрлі халықтың тағамдары қала халқының көңілінен шықты.Онда қазақ, корея және орыс ұлттық тағамдары болды. орыс халқын біздің студенттер ұсынды.

Қалалықтардың назарына керемет концерт ұсынылды. Дәстүр бойынша, мәдениет және демалыс паркінің алаңына қаланың барлық шығармашылық ұжымдары  жиналды. Қала басшылығы тұрғындарға көркейіп, гүлдене беруді тіледі.