Рухани жаңғыру мен жастар

21 мамырда колледжде діни экстремизм мен лаңкестіктің алдын алу аясында  «Рухани жаңғыру және жастар» семинары болып өтті. Кездесудің ұйымдастырушылары «Қостанай облысының психологтар Ассоциациясы» Қоғамдық Қоры.

Кездесуде сөз сөйлегендер:

– «Зайырлы қоғамдағы дінаралық келісім қағидалары». Негізгі ұғымдар: әлемдік және дәстүрлі діндер, деструктивтік діни ағымдар» – Абенов Данияр Едельханович, Султангазин атындағы Қостанай мемлекеттік педагогикалық университеттің оқытушысы, діни экстремизмнің алдын алу жөніндегі облыстық ақпараттық-түсінідірме тобының мүшесі;

– «Интернет арқылы деструктивтік мәдениетке бейімдеу тәсілдері, ақпараттың сынды талдауының қағидалары» – Абильмаликов Куаныш Кабдулович, діни экстремизмнің алдын алу жөніндегі облыстық ақпараттық-түсінідірме тобының мүшесі;

– «Жәбірленушілерге көмек көрсету Орталығына жүгінгендердің мысалында деструктивтік мәдениеттің отбасылар мен тұлғаға теріс әсерін тигізетіндігі туралы мысалдар» – Калюжная Юлия Амантаевна, «Қостанай облысының психологтар Ассоцияциясы» ҚҚ төрайымы.

Кездесу соңында «Қазақстан – зайырлы мемлекет» бейнебаяны көрсетіліп, студенттермен әңгімелер жүргізілді.