19 сәуірде Рудный әлеуметтік-гуманитарлық колледжінің студенттері «Ардагерлерді ардақтайық» атты партиялық жоба аясында өткізілген «Ұрпақтар есінде» Республикалық акциясына қатысты. Акцияның мақсаты: жастарды Ұлы Отан соғысына арналған ескерткіштер мен мемориалдарды, сонымен қатар Ұлы Отан соғысының батырларының атымен аталған көшелерді тазалап, көркейту шараларына тарту. Continue reading Ұрпақтар есінде
All posts by Редактор
Мәдени өмірге тыйым салынбайды!
18 сәуірде колледж студенттері «Горняк» МКО-да өткен XXXIII облыстық көркем өнерпаздар фестиваль-байқауына барып қайтты.
XXXIII облыстық көркен өнерпаздар фестиваль-байқауының тақырыбы Қазақстандағы жастар жылына арналған. Залға комиссиямен қатар Рудный қаласының шығармашылық зиялы тұлғалары, біздің ардагерлер мен жастар жиналды.
Күлкіден көңіл де жарқын болады!
РӘГК кәсіптік байқайлар күні
5 сәуірде Рудный әлеуметтік-гуманитарлық колледжде талапкерлер үшін дәстүрлі іс-шара – кәсіптік байәқау Күні өткізілді. Бұл шара талапкерлерге болашақ маандығын таңдауға және өзін-өзі анықтауына ықпалын тигізеді.
2019-2020 оқу жылында колледж 8 мамандық бойынша студенттерді қабылдайды:
0403000 «Әлеуметтік-мәдени қызмет және халықтық көркем өнер шығармашылығы»,
0510000 «Іс қағаздарын жүргізу және мұрағаттану»,
0103000 «Дене тәрбиесі»,
0201000 «Құқықтану»,
0104000 «Кәсіптік оқыту»,
0101000 «Мектепке дейінгі білім беру және тәрбиелеу»
0101000 «Мектепке дейінге білім беру және тәрбиелеу»,
0105000 «Бастауыш білім беру».
Кәсіптік байқау Күні әр мамандық бойынша студенттер мектеп оқушыларына өздерінің мамандықтары мен шығармашылық үлгіде біздің колледжде оқу ерекшеліктерін көрсетті.
Барлық оқушылар құжатты тапсыру, емтихан тапсыру және өздерін қызықтырған басқа да сұрақтар бойынша қажетті мәлімет алды.
ВИЧ/АҚТҚ-ны бірге тоқтатайық!
3 сәуірде «Қостанай облысының АҚТҚ алдын алу және күресу орталығы» КМҚК-ң профилактикалық бөлімінің педагогы Қадрон C.А. Рудный әлеуметтік-гуманитарлық колледжінің студенттері үшін «ВИЧ/АҚТҚ-ны бірге тоқтатайық!» тақырыбына семинар-тренинг өткізді. Семинар «Денсаулық жолы» және «Дені сау болу – бұл сәнді!» Ұлттық бағдарламалары аясында жүргізілуде. Іс-шараның негізгі міндеттері: студентердің ВИЯ-инфекциясының алдын алу мәселесі бойынша ақпараттарын неғұрлым кеңейту; ВИЧ-инфекциясымен өмір сүріп жатқан тұлғаларға төзімділікпен қарауға тәрбиелеу.
І-шара барысында маман ВИЧ-инфекцияның таратылу жолдары мен әдістері туралы айтып берді. «Дұрыс шешімдер – ВИЧ туралы білу керектің барлығы» атты фильм қаралды. Семинар соңында ВИЧ/АҚТҚ алдын алу мәселесі бойынша дискуссия өткізілді.
Балалық шақ әлемінде
Тағы да колледж!
30 наурыз күні Рудный әлеуметтік-гуманитарлық колледжде барлық жылдарғы түлектердің дәстүрлі жыл сайындық кездесу кеші болып өтті. Түлектер «Тариых беттері» квестіне қатысты,оқу топтарында шебер сыныптар өткізді. Кеш соңында колледж студенттері түлектерге концерттік бағдаралмаларын сыйға тартты. Түлектер де тыс қалмай концерттік бағдарламаға қатысты. Айта кетсе, «Әлеуметтік-мәдени қызмет және халық көркем шығармашылы» мамандығының 2018 жылғы түлектері орыс халық биі мен танго орындаса, 1999 жылғы түлектер көрермендерге «Румба-джайв» биін сыйлады.
РӘГК-дің еріктілері UCMAS-та
Ы.Алтынсарин атындағы Рудный әлеуметтік-гуманитарлық колледжінің студенттері үшін жақынға қамқор болу жақсы дәстүрге айналған. 30 наурыз күні № 15 мектепте UCMAS академиясының ментальдық арифметикадан кезекті олимпиадасы болып өтті. Балалар олимпиада тапсырмаларын орындап болғанша, біздің еріктілер есептердің дер кезінде беріліп, құжаттардың жиналып, толтырылуын қатаң қадағалап отырды. РӘГК еріктілері үшін ең басты да жауапты тапсырма, әрине, көңіл көтеру болды. Бірақ белсенді, көңілді және еңбексүйгіш еріктілер үшін бұл қиын мәселе болмады! Төрешілер олимпиада қорытындысын шығарғанша, еріктілер балалармен бірнеше қызықты ойындарды өткізіп үлгерді.
UCMAS академиясымен бірігіп жұмыс істеу колледж еріктілері үшін жаңалық емес. Біздің студенттер академия іс-шараларының тұрақты қонақтары болып табылады және әрдайым түрлі қолдаулары мен көмектерін көрсетеді.
Ашық есік күні
Ұлыстың Ұлы күні – Наурыз!

19 наурыз күні Рудный әлеуметтік-гуманитарлық колледжінде Наурыз мекресіне арналған салтанатты жиын болып өтті. 2019 жыл Жастар жылы болып жарияланғандықтан, жиында өз жетістіктерімен елбасының саясатын қолдап жүрген студенттер марапатталды. Сонымен қатар, оқытушылар мен ата-аналар қоғамы арасындағы Спартакиадаға қатысқан оқытушылар, ата-аналар мен студенттер де марапатталды.
Кустанова Балжан мен «Гүлдер» ансамблі өздерінің шығармашылық өнерлерімен қуантты.






