Еліміздің тарихыы бізді жылдармен тоғыстырды

Бірінші наурыз, көктемнің алғашқы күні, және де біраз уақыттан бері, Қазақстанда Алғыс айту Күні. Бұл мереке біздің елімізде Қазақстан халқы Ассамблеясында мемлекеттің Елбасымен ұсынылған болатын. Мерекені атап өту күні де кездейсоқ емес. 1995 жылы 1-ші наурызда Қазақстанда Қазақстан халқы Ассамблеясы құрылған. Сонымен қатар 2015 жылы Ассамблеяның жиырмажылдығын тойлау аясында, Президенттің  – «Өз тарихыңды есте сақта және мақтан тұт» деген сөздері негіз болған осы мереке күні құрылды. Бұл  – барлық қазақстандықтардың бір*біріне деген қамқоршылық, достық және сүйіспеншілік мерекесі.

Бұл күнді ИНК-11 тобы атап өтті. Олар кітапхана қызметкерлерін «Еліміздің тарихыы бізді жылдармен тоғыстырды» атты сынып сағатына шақырды. Оқушылар бос келмеген. Олар өлең оқып, жылулығы мен қолдаулары үшін риза жандар туралы айттып өтті.

Тарихқа кейін орала отырып, біз отызыншы-қырқыншы жылдарғы көшпенділердің ащы шындығын еске түсірдік. Мәжбүрлеп көшіру, мәжбүрлі ауыр еңбек, аштық пен ауру, қаншама бүлінген тағдырлар – депортацияланғандардың үлесіне  тиген жағдайлар осындай… Жер аударған халық үшін Қазақстан өзіндік ерекше ескертуге айналды. Соның өзінде, сол адамдар қиыншлықты жеңіп шықты – бұл бар Қазақстан халқының аса зор мейірімділігі.

Сол жылдарғы оқиғалар әдебиетте де орын алды. Топ жетекшісі  Елена Викторовна Кухтеева оқушыларды авторы Ольга Громованың  «Қант баласы» деп аталатын осындай туындылардың бірімен таныстырды.

Кездесудің қорытындысы осындай тамаша елде тұрып жатқан бар халыққа деген Алғыс гүлі болды. Оны балалар өздерінің жақындарына, достарына, мұғалімдеріне және де өздерінің туып-өскен жеріне деген игі тілектері жазылған жапырақтардан жинап, құрастырған.