28 ақпан күні Қостанай қаласындағы ЕИнЭУ коледжінде «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру аясында өткізілеп жатқан «Жас ғалым» студенттік ғылыми-тәжірибелік конференция болып өтті. Конференцияның ұйымдастырушысы Қостанай облысы білім басқармасының ТжКБ әдістемелік іс бөлмесінің қолдауымен «Колледж КИнЭУ» ЧУ болып табылады. Ғылыми-тәжірибелік конференцияның өткізілу мақсаты: зерттеу құзыреттілігін дамыту және студенттердің ғылыми-зерттеу, ғылыми-тәжірибелік жетістіктерін насихаттау.
Рудный әлеуметтік-гуманитарлық колледжінің студенттері конференцияға секциялар бойынша қатысып, жүлдегерлік орындарға ие болды.
«Педагогика мен психология» секциясы:
- 1 орын – Бимурзин Алим (ШТ-03), «Incomplete family as a factor influencing the development of anxiety and aggressive behavior in adolescence» мақаласы, ғылыми жетекшісі Смолдарев Ю.В., педагог-психолог;
- 3 орын – Сельмурзаева Лейла (ТШП-03), «Влияние посещения спортивных секций на снижение уровня эмоционального выгорания педагогов колледжа» мақаласы, ғылыми жетекшісі Смолдарев Ю.В., педагог-психолог;
- «Ғылыми жаңалық» атауы бойынша – Шурина Айна (ШТ-03), «Неполная семья – как возможный факто р развития чувства субъективного одиночества в подростковом возрасте» мақаласы, ғылыми жетекшісі Смолдарев Ю.В., педагог-психолог;
- «Ғылыми жаңалық» атауы бойынша – Амантай Рәзия (ШТ-03), «Жағдайы төмен отбасынан шыққан жасөспірімдердің болашаққа деген қарым-қатынас ерекшеліктері» мақаласы, ғылыми жетекші Оразов А.Х., арнайы пән оқытушысы.
«Қоғамдық ғылымдар» секциясы:
3 орын – Бондаренко Полина (П-02), «Қазақстанның экологиялық әлемдік мәселелері» мақаласы, ғылыми жетекші Шмелькова Г.Н., арнайы пән оқытушысы.