All posts by Редактор

Армысың, Наурыз!

18 наурыз күні колледж жатақханасында «Армысың, Наурыз!» атты концерттік бағдарлама өтті. Студенттер ән айтып, би биледі, Қазақстанда тұратын түрлі халықтардың салт-дәстүрлерін көрсетті. Рудный музыкалық колледжінің студенттері бірнеше күй орындады.

Қош келдің, әз Наурыз!

18 наурыз күні УНО-02 тобының студенттері өздерінің ИНК-11, УНО-01 топ курстастары үшін Наурыз мерекесіне арналған мерекелік концерт өткізді. Қыздар Қазақстанда тұратын ұлттарды көрсетті, әр ұлттың тағамдарынан ауыз тигізді, арқан тарту ойынын ойнап, қазақтың «Тұсау кесу» салт-дәстүрін көрсетті.

Іс-шара студенттердің көңілді флешмобымен тәмамдалды.

Мамандыққа кітап арқылы қарау

15 наурызда коледжде «Мамандыққа кітап арқылы қарау» оқу конференциясы болып өтті. Конференцияның мақсаты: білім беру жүйсіндегі көркем әдебиеттердің туындыларын насихаттау арқылы оқушылардың оқуға деген қызығушылықтарын дамыту. Конференция «Время читать. Молодое поколение читающих педагогов» жобасы аясында өткізілді. Жоба жетекшілері Кухтеева Е.В. мен Киблер Н.Р.

Конференциға УНО, ИНК, ДВ мамандықтарының 10 студенті қатысып, аудиторияға заманауилық авторлардың көркем туындыларын ұсынды:

Дорощенко Наталья мен Рау Виктория (ДВ-02) – Э.М. Ремарк «Жизнь взаймы»;

Сарсенбенова Индира (УНО-02) – Д.Боун «Уличный кот по имени Боб»;

Пятенко Александра (ИНК-11) – А.Амраева «Германия»;

Вахницкий Олег (ИНК-11) – О.Громова «Сахарный ребенок»;

Гартман Антон (ИНК-11) – Т.Шипошина «Ангелы своих не бросают»;

Абдрахманов Жадигер (ИНК-11) – П.Санаев «Похороните меня за плинтусом»;

Журунова Амина (УНО-02) – Р.Риггз «Дом странных детей»;

Горай Виктория (УНО-03) – А.Пиз «Язык телодвижений»;

Алдергот Руслана (ИНК-11) – Д.Эшер «13 причин почему».

Конференция нәтижесінің қорытындысы:

1 орын – Сарсенбенова Индира,

2 орын – Журунова Амина,

3 орын – Горай Виктория.

№1 волейболшылар!

11-15 наурыз аралығында РӘГК-нде Рудный қаласының колледжерінің ерлер команадалары  арасындағы волейболдан ойын болып өтті. Сайысқа Рудный политехникалық колледжі, Рудный құрылыс және көлік колледжі, Рудный әлеуметтік-гуманитарлық колледжі, Рудный технология және сервис колледжі, Рудный кен-технологиялық колледжі қатысты.

Ойын қорытындылары:

1 орын – РӘГК,

2 орын – Рудненский кен-технологиялық колледжі,

3 орын – Рудный политехникалық колледжі,

4 орын – Рудный құрылыс және көлік колледжі,

5 орын – Рудный технология және сервис колледжі.

Біздің колледждің командасы еш қиындықсыз жеңімпаз атанды!

Біздің волейболшы қыздарымызды құттықтаймыз!

5-6 наурыз күндері Рудный әлеуметтік-гуманитарлық колледжінде қала колледждерінің  қыздар командалары арасында волейболдан жарыс болып өтті.

Ойын қорытындысы:

1-ШІ ОРЫН – РУДНЫЙ ӘЛЕУМЕТТІК-ГУМАНИТАРЛЫҚ КОЛЛЕДЖ,

2 –ші орын – Рудный политехникалық колледж,

3-ші орын – Рудный  технология және сервис колледжі.

8-ші Наурыз – әйелдер күнімен!

7-ші наурыз  – көктемнің тамаша мерекесінің алдыңғы күні РӘГК-нде әйелдер қауымына арналған. Колледждің ерлері студенттер мен оқытушыларды мерекелік ду қол шапалақтарымен қарсы алды. Оқу топтары мерекелік тақырыптық плакаттар әзірледі. Колледждің кітапханасы «Сенің есімің- әйел!» атты кітап көрмесін ұйымдастырды. Ал колледж белсенділері  әлеуметтік желіде 8-ші наурызбен құттықтау-флешмоб ұйымдастырды.

Көктем қанаттары

7-ші наурыз күні РӘГК-нің жатақханасында халықаралық әйелдер күніне арналған «Көктем қанаттары» атты концерт болып өтті. Қыздарға арналып  тәтті лотереялар ойнатылды. Сайысқа барлығы жаппай қатысты, ұлдар қыздарғы мерекелік макияж жасады. Біздің қыздарды құттықтауға музыкалық колледждің студенттері де келді.

Құймаққа келіңіздер!

7-ші наурызда Рудный әлеуметтік-гуманитарлық колледжінде құймақ Жәрмеңкесі болып өтті. Бұл шараны ТПП-02 тобының студенттері оқытушылар В.С.Соколова мен Г.А. Патрушеваның жетекшілігімен ұйымдастырды. Студенттер аса қуанышпен құймақтан ауыз тиді!

Оқыту эвакуациясы

Колледждің 6-шы наурыз күні ерекше іс-шарадан басталды – атап айтса, колледждің оқушылар мен қызметкерлерін басқа жерге көшіру амалына даярлығының тексерісі өтті. Мұндай жаттығулар колледжде жылына 2 рет өткізіліп тұрады: күзде және көктемде. Бұл жолы да студенттер мен оқытушылар жақсы нәтиже көрсетті – ғимаратты 6 минут ішінде босатты.

«Бәрі де, Ана бір өзіңнен басталады»

Көктемнің алғашқы мерекесі 8 – Наурыз Халықаралық әйелдер мерекесіне орай ББМ-02 тобының студенттері «Бәрі де Ана бір өзіңнен басталады» тақырыбында сабақтан тыс іс-шара өткізді. Мақсаты тіршілікті жалғастырушы аналардың өмірі, олардың қасиет, құдіреттілігі неде екенін студенттерге түсіндіру. Ананы сыйлай, құрметтей білуге, аналардың өлшеусіз еңбегін бағалай білуге, сол арқылы еліне, жеріне деген сүйіспеншілігін арттыру. Дүниедегі жақсылық атаулының бәрі күннің нұрынан, ананың мейірімімен тарайтынын ұғындыру. Сонымен қатар кеш қонақтары қаламыздағы №7 мектептің 9 сынып оқушылары болды. Әдемі әндер шырқалып, отты жырлар оқылды. Тәрбие жұмысының барлық формалары сахнадан ерекше әдіс-тәсілдермен ұсынылды. Актерлік шеберлік, поэзия, монолог, поппури, комедия бәріде бір-бірін толықтыра түсті. Студенттердің барлығы да өз өнерлерін ортаға салды.Іс-шара көрерменге мерекелік көңіл күй сыйлады.

 

Тункулова Тойжан

ББМ- 02 тобының студенті.