20 ақпан күні Рудный әлеуметтік-гуманитарлық колледжінде Рудный қаласының жасөспірімдер полиция бөлімінің учаскелік полциясымен «Жастар ортасындағы құқықбұзушылық ерекшеліктері мен оның алдын алу» тақырыбына лекция болып өтті. Шараның маққсаты: кәмелетке толмағандардың құқыққа қарсы теріс қылықтарының алдын алу.
Полицияның аға лейтенанты К.В. Заречная, аға лейтенанты Ж.А. Далдабаев, аға лейтенанты Т.У. Тапалов колледж студенттеріне кәмелетке толмағандардың түнгі мерзімде көшеде, көңіл көтеру мекемелерінде жүруіне қатысты Қазақстан Республикасының әкімшілік Кодексінің бірнеше баптары туралы түсіндіріп өтті.