Адал дүкен

2018 жылғы желтоқсан айында Қазақстан Президентінің бастамасы бойынша «Сыбайластықтан бос өңірлер» старты берілген болатын. Қостанайда «Қостанай- адалдық алаңы» атты жобалық кеңсе жұмыс істей бастады, оның мақсаттарының бірі тұрмыстық сыбайластықты жою. Облыс әкімі Архимед Мухамбетовтың сөзінен, бұл жастардың барлық қажетті істерден құлағдар болуы үшін жасалған.

Жобалық кеңсенің енгізген бір жаңалығы біздің өңір үшін  өте ерекше.  Бұл оқу мекемелерінде орналасқан «Адал дүкендер». Онда мектеп оқушылары мен студенттер барлық қажетті заттарын сатып алуларына болады, ақшасын төлеп, артық ақшасын сатушының көмегінсіз қайырып ала алады, өйткені ол жерде сатушы ЖОҚ.

19 ақпанда Рудный әлеуметтік-гуманитарлық колледжде өзінің «Адал дүкені» ашылды. Мұндай жоба өте қызықты, өйткені жастармен өзара әрекеттің ерекше түрі болып табылады және оларға сыбайластыққа қарсы мәдениетті дарытады. Дүкеннің еш бақылауы жоқ. Ең бастысы – сенім.

«Адал дүкенге» колледждің студенттері ғана емес, соныен қатар оқытушылар да келді. Сатып алушылар өздері, кассирсіз кассаның рнына орнатылған жәшікке ақшаларын тастап, өздеріне қажетті өнімдерін алды.      Мұндай акция РӘГК-нде бірінші рет өткізілді және студенттердң барлығына ұнады.