25 ақпанда Жастар жылы аясында коллеждің оқу топтарында «Біз болашақпыз» сынып сағаттарының циклы болып өтті. Сынып сағаттарының мақсаты: жастар арасында құқықтық, мәдени-адамгершілік құндылықтарды қалыптастыру, салауатты өмір салтын насихаттау, көшбасшылық тәжірибеге бейімді дарынды жастардың бастамаларын қолдау, жастарды патриоттық отан сүйіспеншілігіне тәрбиелеу.