Колледждегі әдістемелік жұмыс «Ы. Алтынсарин атындағы Рудный әлеуметтік-гуманитарлық колледжі» КМҚК 2016-2019 жылдарға арналған стратегиялық даму жоспарының ережесіне сәйкес ұйымдастырылған, мақсаттары мен міндеттері Қазақстан Республикасының 2016-2019 жылдарға арналған мемлекеттік даму бағдарламасына және колледждің әдістемелік тақырыптарын кешенді-мақсатты енгізу бағдарламасына сәйкес қалыптастырылған.
Колледждің әдістемелік жұмысы – педагогтардың кәсіптік құзыреттілігін арттыру және білім беру үдерісінің инновациялық мәселелерін шешу арқылы білім беру сапасын қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін жетекшілердің, оқытушылардың, өндірістік оқыту шеберлерінің және колледждің құрылымдық бөлімшелерінің бірлескен қызметінің ашық көп деңгейлі, көп функциялы жүйесі.
«Ы. Алтынсарин атындағы Рудный әлеуметтік-гуманитарлық колледжі» КМҚК әдістемелік жұмысының үлгісі
Әдістемелік қызметтің өңделген үлгісі әдістемелік қызметтің және педагогтардың, олардың тікелей өзара іс-қимылының дамуына ықпал ететін біртұтас мақсаты, міндеттерді, мазмұны мен әдістерді, нысандар мен құралдарды біріктіру болып табылады.
Колледждегі оқу-әдістемелік жұмыс жүйесі педагогтардың кәсіптік құзыреттілігін дамытуға бағытталған және оқу-әдістемелік жұмысының барлық деңгейінде жүзеге асырылады: басқару деңгейінде (педагогикалық және оқу-әдістемелік кеңес), пәндік-циклдік комиссия (ПЦК) қызметінің деңгейінде, шығармашылық топ деңгейінде. Ұжым «Колледж жағдайында инновациялық технологияларды қолдану негізінде болашақ мамандарды даярлау сапасын арттыру» әдістемелік тақырыбын жүзеге асыру үшін бірнеше жыл қатарынан мақсатты түрде жұмыс істеуде. Біртұтас әдістемелік тақырыбында жұмыс істеу колледждегі барлық әдістемелік жұмыстардың басты бағдары, идиологиялық негізі болып табылады.
Біртұтас әдістемелік тақырыптың негізгі міндеттері:
- Оқытушылардың педагогикалық шеберлік деңгейін , ұйымдағы құзыреттілігін үздіксіз жетілдіру және білім беру үдерісін қамтамасыз ету;
- Құрылымдық бөлімшелердің, білім беру жүйесінің бөлімдерін үйлестіру және үндестіру;
- Педагогтың шығармашыл тұлға негізінде әрбір оқушының оқу мүмкіндіктерін жүзеге асыру үшін қолайлы жағдай жасау;
- Педагог ұжымның шығармашыл ізденісін ынталандыру