«ЖАН АЙНАСЫ» психологиялық тобы

Жеткіншектердің негізгі мәселелерінің бірі – қоршаған адамдармен қарым-қатынас жасаудың жаңа нысандарын іздеу. Сындарлы қарым-қатынас заңдылықтары туралы дағды мен білімнің болмауы студенттердің ата-аналарымен, құрдастарымен, мұғалімдермен жиі жанжалдасуына әкеліп соқтырады, девиантты мінез-құлықты арттыру ықтималы бар.

Біздің клубта студенттер психология негіздері туралы теориялық біліммен қоса, сындарлы қарым-қатынастың тәжірибелік, вербалды және вербалды емес ақпараттармен алмасу, белсенді тыңдау, өзін және өзгелерді түсіну және қабылдау дағдыларын игереді. Сабақтың басым бөлігі жеке және топтық өзара іс-қимыл дағдыларын алу үшін берілген. Психологиялық клубта студенттердің алған білімдері мен дағдылары қазіргі сәтте және болашақта тиімді әлеуметтік бейімделуінің базасы болып табылады.

 

Клуб жұмысының мақсаттары – жеткіншіктердің өзін жүзге асыруы үшін қолайлы жағдай жасау және бос уақытты ұйымдастыру, сонымен қатар, жастардың тиімді қарым-қатынастары үшін оңтайлы жағдай жасау.

Психологияның құрылымдық білімдеріне мыналар жатады:

— психология туралы тақырыптық әңгімелесулер;

—нақыл сөздер мен ертегілер тыңдау және талдау;

— психодинамикалық ойындар мен жаттығулар;

— арт-терапия элементтері;

— тақырыптық фильмдерді қарау және талдау;

—жеке ерекшеліктерін диагностикалау және нәтижелерді талқылау;

— құмдағы сабақ;

—астарлы карталарымен жұмыс

«Жан айнасы» психологиялық клубы – басқалармен қарым-қатынас құруды үйрену мүмкіндігі, өз ресурстарын көру және ашу, өз әлеуетін сезіну және меңгеру.