Түйіндеме құруға қойылатын талаптар
| 1. Ықшамдылық | Мәтіннің көлемі 1 бетке тең. |
| 2. Реттілік | Жұмысқа қатысы барларды ғана жазыңыз, керек емес сөздер мен толықтыруларға жол бермеңіз. |
| 3. Ақиқаттылық | Өзіңіз растай алатын нақты ақпаратты көрсетіңіз. Түйіндемеде жазылған мәліметтер тексерілуі мүмкін. |
| 4. Позитивті мінез | Қолайлы әсер жасаңыз, тек сапалы жақсы және күшті жақтарды көрсетіңіз, жетістіктеріңізді атап көрсетіңіз. Жұмыс берушіге ұнамай қалатын ақпараттарды қоспаңыз |
| 5. Жүйелілік | Ақпаратты дәйекті етіп орналастырыңыз, ойыңыздың уақытша бөлінуіне жол бермеңіз. |
| 6. Бірегейлік | Сізді не сипаттайтынын, басқа үміткерлерден ерекшелігіңіз неде екенін жазыңыз |
| 7. Баяндаудың жақсы стилі | Нақты анықтамаларды қолданыңыз, түсініксіз қысқартулар мен жаргондарға жол бермеңіз. |
| 8. Сауаттылық | Орфографиялық және грамматикалық қателіктердің жоқтығын тексеру. |
| 9. Жағымды етіп ресімдеу | Сапалы қағаз бен жақсы қаріпті қолданыңыз. Мәтінді ыңғайлы етіп орналастырыңыз, оны параграфтарға бөліңіз. Тексеріңіз және қателерді түзетіңіз. |