«Ы. Алтынсарин атындағы Рудный әлеуметтік-гуманитарлық колледжі» КМҚК-нің әлеуметтік-психологиялық қызметі туралы ереже
«Ы. Алтынсарин атындағы Рудный әлеуметтік-гуманитарлық колледжі» КМҚК білім беру ұйымындағы әлеуметтік-психологиялық қызметі колледж әкімшілігінің, педагогтарының, студенттері мен ата-аналардың өзара белсенді қарым-қатынасын ұйымдастыруға, сонымен қатар, колледж студенттеріне білікті, жан-жақты және уақытылы көмек көрсету үшін сыртқы әлеуметтік құрылымдармен бірігіп, білім беру үдерістерінің субъектілеріне серіктестік ұйымдастыруға арналған. Осы қызмет аясында студенттерге жеке тәсіл жасау мақсатында әлеуметтік-психологиялық зерделеу жүзеге асырылады, студенттерге, ата-аналарға, оқытушыларға әлеуметтік-психологиялық көмек көрсетіледі. Психпрофилактикалық жұмыс және бастапқы әлеуметтік-психологиялық түзету және бейімделу бойынша жұмыс жүргізіледі.
Әлеуметтік-психологиялық қызметтің жұмысы мыналарға бағытталған:
- әлеуметтік қорғалмаған отбасылар қатарындағы оқушыларға, денсаулығы тарапынан мүмкіндігі шектелген оқушыларға, қорғаншылық немес қамқоршылық орнатылған оқушыларға, бейімделмеген жасөспірімдер мен девидентті мінез-құлықты жасөспірімдердің мәселелерін шешуге көмек көрсету.
- Оқушының психологиялық денсаулығын сақтау үшін білім беру ұйымдарында оңтайлы әлеуметтік-психологиялық климат жасау және білім беру үдерісінің қатысушыларына психологиялық көмек көрсету.
Жұмыстың бағыты:
- Әлеуметтік-педагогикалық.оқушылар мен олардың ата-аналарында әлеуметтік және тұлғалық проблемаларды анықтау.
- Әлеуметтік-құқықтық. Кәмелет жасқа толмағандардың құқығын қорғау.
- Әлеуметтік-психологиялық. Отбасында, социумда өзара түсіністікті орнату үшін оңтайлы жағдай жасау мақсатында психологиялық-педагогикалық білім беру.
- Әлеуметтік-профилактикалық. Студенттердің ауытқушылықтарын анықтау және факторларын алдын алу.
- Әлеуметтік-диагностикалық. Оларды бейімдеу, дамыту және әлеуметтендыру, қабілеттерді, қызығушылықтарды және оқушылардың қабілеттерін диагностикалау, диагностика қорытындысы бойынша шешімдер мен ұсынымдарды дайындау.
- Әлеуметтік-ақпараттық. Педагогикалық, психологиялық және заңнамалық сауаттылық.
- Әлеуметтік-медициналық.
Қызметтердің міндеттері:
Әлеуметтік-педагогикалық:
- студенттердің өзін-өзі дамытуына, өзін-өзі тануына, өзін-өзі бағалауына, өзін-өзі бекітуіне, өзін-өзі жүзеге асыруына білікті әлеуметтік-педагогикалық көмек көрсету;
- оң әсерді күшейту және әлеуметтік ортаның бейтараптандыру немесе теріс әсерді ауыстырып қосу.
Әлеуметтік-құқықтық:
- Тұлғалардың құқықтары мен қызығушылықтары үшін құқықтық нормалардың арсеналдарын қолдану.
Әлеуметтік-психологиялық:
- тұлғааралық қақтығыстарды шешуге, күйзеліс жағдайдан шығуға көмек көрсету,
- Оқушыларға, ата-аналарға, педагогтарға әлеуметтік-психологиялық кеңестер ұйымдастыру.
Әлеуметтік-профилактикалық:
- Ауытқушылық мінез-құлық ты (девиантты), суицидтік және қылмыстық (деликтивті) мінез-құлықты алдын алу бойынш алдын алу жүйелерін ұйымдастыру.
Әлеуметтік-диагностикалық:
- Моральдық-психологиялық фонды зерделеу және талдау, оның оқушыға деген өзара әрекетін анықтау және оны оңтайландыру бойынша әзірлемелер.
Әлеуметтік-ақпараттық:
- Заңнамалық актілермен танысу және тұлғалардың құқықтары мен қызығушылықтарын қорғау үшін қолданыстағы құқықтық норма арсеналдарын пайдалану.
Әлеуметтік-медициналық:
Оқушылардың денсаулығын қолдау мақсатында оқу уақытын ұйымдастыру жағдайында тамақтануды, еңбектік, физикалық тәрбиені бақылау.