Ы. Алтынсарин атындағы Рудный әлеуметтік-гуманитарлық колледжі (Меңдіқара педучилищесі) еңбеккер депутаттардың Қостанай облыстық кеңесі атқарушы комитетінің шешімімен 1940 жылы 7 шілдеде құрылды. Училище ашылып, 1917 жылғы төңкеріске дейін Орыс-қырғыз училищесі деп аталып, өзінің тарихын Ы. Алтынсариннен бастап жүргізген Боровской қазақ мектебі аумағында орналастырылды. 1949 жылдан бастап колледж көрнекті педагог және ағартушы Ы. Алтынсариннің атымен аталып келеді. 1942 жылы училище 33 адамнан тұратын алғашқы түлектерін шығарды. Оқытушылар ұжымы 20-30 адамнан тұрды, жоғары білімді, талантты педагогтер аянбай жұмыс істеді.
1974 жылы педучилище Рудный қаласына ауыстырылып, Рудный педагогикалық училищесі болып өзгертілді. ҚР Қостанай облыстық әкімшілік басшысының 1992 ж. 12.06-ғы шешімімен Рудный педагогикалық училищесі Рудный педагогикалық колледжі болып қайта ұйымдастырылды.
2000 жылы Қостанай облысы Білім департаментінің 2000 ж. 06.06-ғы № 158 бұйрығымен Рудный педагогикалық колледжі Рудный әлеуметтік-гуманитарлық колледжі болып өзгертілді. 2005 жылы колледж «Қостанай облысы әкімдігі Қостанай облысы Білім департаментінің Ы. Алтынсарин атындағы Рудный әлеуметтік-гуманитарлық колледжі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны мәртебесін алды. Оқу орны ашылғалы бері 12000 мыңнан астам жоғары білікті мамандар әзірленген.
Біздің колледжіміздің көрнекті түлектері
|
Жаманкулов Камеш Жумабаевич, выпускник 1942 года, (аттестат №1 об окончании Мендыгаринского педучилища), «Отличник просвещения Казахской ССР»; |
|
Кенжеахметов Кабыкен, выпускник 1948 года,«Отличник просвещения Казахской ССР»; |
|
Тілеміс Тілеуғабылұлы Мұстафин, 1945 жылғы түлек, тарих ғылымдарының докторы, профессор; |
|
Манаш Қабашұлы Қозыбаев, 1947 жылғы түлек, Қазақстан Ғылымдары академиясының академигі, тарих ғылымдарының докторы, профессор; |
|
Шожанов Муса, выпускник 1947 года,Заслуженный учитель Казахской ССР; |
|
Оразақ Ысмағұлұлы Ысмағұлов, 1950 жылғы түлек, Қазақстан АН корреспондент-мүшесі, тарих ғылымдарының докторы; |
|
Нина Гавриловна Полтавец, 1952 жылғы түлек, бастауыш сынып мұғалімі, облыстағы мұғалімдер арасындағы жалғыз Социалистік Еңбек Батыры. |
|
Рәбиға Тәуірбайқызы Мендекинова , 1955 жылғы түлек, ҚазҰПУ профессоры, филология ғылымдарының докторы, жаңа буын орыс тілі және басқа да көптеген кітаптардың авторы; |
|
Макотченко-Черник Виолетта Васильевна выпускница 1965 года, кандидат исторических наук, профессор; |
|
Мацупа Людмила Владимировна выпускница 1965 года,кандидат юридических наук, «Отличник просвещения Казахской ССР», кавалер орденов:»Дружбы народов», «Знак почета»; |
|
Айдаралиева Кульжиган Кастаевна выпускница 1967 года, «Отличник просвещения Казахской ССР»; |
|
Дельдибекова Зинаида Кабисултановна , выпускница 1972 года, Председатель обкома профсоюзов работников образования и науки, награждена нагрудным знаком «За особые заслуги перед профсоюзами»; |
|
Тасбаева Мира Асылхановна выпускница 1982 года, директор сш.№1,г.Рудный. |