Курстық жұмыс бойынша нұсқаулар

КУРСТЫҚ ЖҰМЫСТЫҢ ТАҚЫРЫБЫ

Курстық жұмысты жазу неден басталады? Тақырып таңдаудан. Тақырыптың дұрыс таңдалып,  тұжырымдалуы, өте маңызды. Курстық жұмыстың тақырыбында міндетті түрде артынан Сіз тәжірибелік бөлігінде зерттейтін «мәселе»  болуы қажет.

Мысалы, дұрыс емес: «ӘОӘ қалыптастыру»

ДҰРЫС: «Кіші буын оқушыларының логикалық тапсырмаларды орындау кезіндегі УУД қалыптастыру».

ЖҰМЫС ЖОСПАРЫ

Тақырыпты таңдап болғаннан кейін, тағы да мұқият оқып шығыңыз да, оны мағынасына қарай немесе тұжырымды сөзге байланысты бірнеше бөлімге бөліңіз.

Мысалы, «ӘОӘ қалыптастыру», «кіші оқушы», «логикалық тапсырма».

Сонымен, болашақ жұмыстың негізгі компоненттерін ерекшелейміз. Жоспар құруға кірісеміз. Жоспарда логикалық тәртіпте курстық жұмыста жауап берілетін сұрақтар тізбеленеді. Бұл үшін осы тақырып бойынша барлық әдебиеттерді қарап шығып, Сіздің зерттейтін тақырыпқа сәйкес келетін әдебиеттерді іріктеп алыңыз. Содан кейін сұрақтар тарауларға бөлінеді.

Мысалы,

  1. Әмбебап оқу әрекеттері.
  2. Кіші оқушының психологиялық ерекшелігі.
  1. Кіші буын оқушыларының логикалық тапсырмаларды орындау кезіндегі ӘОӘ қалыптастыру.

Ал тараулар параграфтарға бөлінеді.

  1. Әмбебап оқу әрекеттері.

1.1. «Әмбебап оқу әрекеттері» туралы ұғым, оның қатқаратын қызметі.

1.2. Әмбебап оқу әрекеттерінің классификациясы.

1.3. Әмбебап оқу әрекеттерін қалыптастыру технологиялары.

Нақты, жақсы құрылған жоспар артық жұмыстардан арылтады, курстық жұмысқа алдыңызға қойылған тапсырманы орындап, қойылған мақсатқа қол жеткізу үшін шын мәнінде қажет ақпаратты енгізу керек. Курстық жұмысты орындау барысында Жоспарды шамалап өзгертуге болады.

Жоспардың әр тармағының жанына күнін көрсетіңіз, сонда Сізде курстық жұмысты жеңіл, әрі дер кезінде тапсыру үшін көмегі тиетін керемет кесте пайда болады.

Дұрыс құрылған жұмысшы жоспар,сіздің жұмысыңыздың МАЗМҰНЫНА айналады. Мазмұны – бұл Сіздің курстық жұмысыңыздың толық жоспары.

Сіздің жұмысыңыздағы тезистер, пікірлерге қатысты сұрақтарыңызды жазыңыз, және де құрылған жоспарға енгізілмей қалған қандай да бір аспектілер қалып қоймағандығын ойластырыңыз. Егер де сіздің жоспар толығымен аяқталған болса, онда курстық жұмысты батыл түрде жаза бастауыңызға болады.

ЖҰМЫСТЫҢ НЕГІЗГІ МАЗМҰНЫ

Қажетті материалды жинап, зерттеп, талқылап, анықтап шығыңыз. Бұл тек оқып шығу ғана емес, сондай-ақ жеке ережелерді өз сөздеріңізбен қысқаша жазып алыңыздар. Ең маңызды деген сәттерне ғана  цитата жасауға болады. Қай жерде  – Сіздің мәтініңің, қай жерде- цитата екендігін міндетті түрде белгілеп қойыңыз. Әрі қарай мәтіннің жобалау нұсқасын жазуды бастайсыз. Егер тақырып онша таныс болмасағ онда кіріспеден бастау міндетті емес. Теориялық бөлігінен бастаңыз.

ТЕОРИЯЛЫҚ БӨЛІГІ

Теориялық бөлімдерде (1 және 2 тарау) Сіздің зерттеу базаңызды құрайтын барлық материалдардың жинағы болады, ал тәжірибелік бөлімде, нені айқындағаныңыз туралы барлық материал болады. Тараулар, өз кезегінше, параграфтар мен зерттеудің ұсақ элементтеріне бөлінеді.

Негізгі бөлімнің көлемі – курстық жұыстың негізгі көлемінің үштен екі бөлігінен арпайтын болу керек (2/3 – 20 парақ).

Бірінші тарау әдетте әлемде бар теория мен көзқарас нүктеленің шолуына арналады.

Екінші тарауда ққабылданған тәжірибе мен сәйкессіз мәселелер баяндалады.

ТӘЖІРИБЕЛІК БӨЛІГІ

Үшінші тарауда (тәжірибелік бөлім) біздің елімізде болған тақырыпқа қатысты жайды сипаттау,  мәселелерді шешу туралы ұсыныстар баяндалады.

Курстық жұмыстың тәжірибелік бөлігі теориялық материалдар мен алынған білімнің қолданылып, бекітілгендігін талап етеді. Тәжірибе бөлігі –  зерттелетін нысанның жобалануы немесе талдауы болып табылуы да мүмкін.  Практическая часть курсовой работы требует применения и закрепления на практике

Тәжірибелік бөлімнің мазмұны парақтың 1/3 болуы керек – 10 парақ.

Тәжірибелік бөлім студенттің зерттеу әдістерін қаншалықты меңгергенін, оны тәжірибеде қалайша қолдана білетінін, сонымен қатар, статистикалық мәліметтер мен арнайы әдібиетпен жұмысты жүргізе білетіндігін  көрсетеді.

КІРІСПЕ

Енді кіріспе жазуды бастауға болады. кіріспеде сіздің жұмысыңыздың барлық міндетті элементтерін көрсетіңіз: жұмыстың қысқаша кіріспесі (бір абзацтан аспауы керек), өзекті тақырыпты дәлелдеп, негіздеңіз, курстық жобаның нысанын, мәнін, мақсаты мен міндетін, гипотезін, зерттеудің  хронологиялық және географиялық шектерін көрсетіңіз (қажеттілігіне орай). Қысқаша түрде курстық жұмыста қарастырылатын зерттеу мәселелері мен әдістемелерін сипаттаңыз.

ЗЕРТТЕУ НЫСАНЫ МЕН МӘНІ

 

Нысанның курстық жұмыстан әлде қайда күрделі екендігін әрдайым есте сақтаңыз.

Зерттелетін нысаны мен зат Сіздің еңбегіңізбен танысқысы келген кез келген ғылым зерттелетін нысан мен заттың жобасын оқып шығып, Сіздің жұмысыңыздың не туралы екендігін бірден түсінуі үшін қажет.

МАҚСАТ

Курстық жұмыстың ең басты приоритеті- оған курстық мағына беріп, мазмұнына бастапқыдан ықпалын тигізетін МАҚСАТ болып табылады.

Сондықтан, мақсатты дұрыс құра білу өте маңызды. Мақсатты нақты қою – бұл курстық жұмыстың мазмұнын жазу мәселесіндегі ұлы іс болып табылада.

Нақты қойылған мақсат жұмыстың барлық логикалық байланысы мен жүйелілігін қосып, міндетін анықтауға пайдасын келтіреді.

МІНДЕТТЕР

Курстық жұмыстың МІНДЕТІНІҢ нақты қойылуы жұмыс авторына  өзі таңдап алған тақырыпты қандай амал-әрекетпен зерттейтіндігін алдын ала анықтап, нақты нысанның қызметін талдап, оның өзектілігін тәжірибе түрінде зерттеуіне мүмкіндік береді.

Егер де міндеттер дұрыс қойылған болса, онда студентке зерттелетін тақырыпты ашу, сонымен қатар, зерттелетін нақты нысанның қызметін зерттеу оңайға түседі. Сонымен қатар, міндеттерді белгілі бір тәртіпте көрсеткен дұрыс. Басқа сөзбен айтқанда, автор  тақырыпты қай тәртіпте ашса, сол тәртіппен көрсетіледі. Басында териялық сипаттағы міндеттер көрсетілсе, одан кейін – тәжірибелік сипаттағы міндеттер көрсетіледі.

ЗЕРТТЕУ ӘДІСТЕРІ

Зерттеудің методикалық базасы дегеніміз не? Егер жай сөзбен айтатын болсақ, бұл курстық жұмысты жазу барысында  өзіңіз қолданатын әдістер мен тәсілдер. Мысалы, Сіз өз жұмысыңызда адамдардың өміріндегі екі жағдайды салыстырасыз: интернет пайда болғанға дейін және интернет пайда болғаннан кейін. Сғни, бұл жерде Сіз кем дегенде екі тәсілді қолданасыз: вы в своей работе сравниваете два различных периода в истории людей: до появления интернета и после появления интернета. Значит, здесь вы будете применять как минимум два разных подхода: салыстырмалы және  тарихи.

 

ТҰЖЫРЫМДАМА

Жұмыс соңында тұжырымдама жасалады.Тұжырымдамада курстық жұмыста көрсетілмеген мәселелер қозғалмауы керек. Тұжырымдамаға қосымшаны орналастырыңыз. Қосымшада курстық жұмыстың  негізі бөлігінің мәтінін ысырып, бірақ, оны қабылдау мен тәжірибелік мәнділігін бағалауды толықтыруға қажетті көмектес немесе толықтыру материалдары  болу керек (құжаттардың көшірмелерікөмектес санлық мәліметтердің сызбалары, қосымша ұсынылған иллюстрациялар мен басқа да материалдар). Бұл жерде курстық жұмыстардың барлығы қосымшаны таоап ете бермейтіндігін айтып өткен жөн.

ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

Әдебиет тізімдері – бұл жерде Сіз өзіңіздің жұмыс жасу барысында пайдаланған дереккөздерді көрсетуіңіз керек және оның әрқайсысына қысқаша сипаттама бересіз (демек, курстық жұмысты рәсімдеу стандарттары бойынша, студент өзі оқымаған, не болмас өзінің курстық жұмысын жазу барыснда пайдаланбаған әдебиеттік дереккөздерді жазуға тыйым салынады).

Курстық жұмыстың параграфтардан басқа әр бөлігі жаңа парақтан басталады (параграфтар алдыңғы праграф аяқталған жерден бастала береді).

Ең бастысы титул парағы туралы ұмытып кетпеңіздер, өйткені сол парақта курстық жұмыстың авторының аты-жөні көрсетіледі.

Курстық жұмыстың жобасы оқытушымен келістіріліп, кей жерлердің орындары ауыстырылып, толықтырулар енгізіледі. Жұмыс курстық жұмыстың талабына сай рәсімделеді.

Курстық жұмысты рәсімдеуде әр оқу мекемесінің өзінің талабы болатндығын есте сақтаған жөн (мысалы, сілтемелер мен  түсініктемелерді рәсімдеп көрсету), олар көп жағдайда әдістемелік көрсеткіштерде жазылып көрсетіледі.

 

РӘСІМДЕУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

КУРСТЫҚ ЖҰМЫСТЫҢ құрылымдық элементтерінің атаулары «МАЗМҰНЫ», «КІРІСПЕ», «ТҰЖЫРЫМДАМА», «ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ДЕРЕККӨЗДЕР ТІЗІМІ», жартылай қою шрифтпен жолдың ортасында бас әріптермен  басылып жазылады. Тақырып атаулары мен праграфтар да осылай жазылады.

Параграфтардың атаулары  жоолдың ортасында кіші әріптермен басылып жазылады (бірінші бас әріптен басқа). Атаудың соңына нүкте қойылмайды. Егер атау екі сөзден немесе сөйлемнен тұрса, онда ортасына айырма нүкте қойылады.

Параграфтың нөмірі оның атауының алдына қойылады,  нөмірден кейін нүкте қойылады және атауының алдына  ақ жері қалдырылады. Параграф деген сөз пайдаланбайды.

Мысалы: 1. ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ЗЕРТТЕУДІҢ ТЕОРИЯСЫ МЕН МЕТОДОЛОГИЯСЫ.

Подпараграфтар әр параграфтың басында нөмірленеді. Тармақшаның нөмірі арасында айырма нүкте қойылған параграф пен оның тармақшасының реттік нөмірінен тұрады. Параграф тармақшасының нөмірінің соңында нүкте қойылады. Содан кейін параграф тармақшасының тақырыбы жазылады.

Мысалы: 1.5. Физика бойынша білім мен ептілікті бағалау

Сызбалар

Әр сызбаның тақырыбы болуы керек, тақырып сызбаның үстіңгі жағында жолдың басында басылып  жазылады.  астында жолдың басында  кестеКаждая таблица должна иметь заголовок, который располагают над таблицей и печатают в начале строки. Надпись Нөмірі көрсетілген «Сызба» деген жазу сызба атауының алдындағы сол жақ бұрышта орналастырылады.

Тақырыбы мен «Сызба» деген жазу бас әріптен бастап жазылады. Тақырыптың астын сызудың керегі жоқ. Мақырып соңында нүкте қойылмайды.

Сызба бағандарыынң тақырыптары бас әріптен басталып жазылуы керек, тақырыпшалар – кіші әріптермен жазылады, егер олар тақырыппен бір сөйлем құрайтын болса, кіші әріптермен жазылады. Сызба тақырыбын қиғаш сызыққа бөлуге болмайды. Сызбадағы жолдың биіктігі ішіндегі ақпараттың толығымен көрінуін қамтамасыз етуі керек.

Баған «№ р/б» сызбаға жатпайды.

Сызбалар параграф шетінде кезегімен нөмірленеді ( қосымшада көрсетілген сызбалардан басқа). Сызбаның нөмірі арасында айырма нүкте қойылған параграфтың нөмірі мен сызбаның реттік нөмірінен құастырылуы керек, мысалы: «Сызба 1.2» (бірінші параграфтың екінші сызбасы).

Егер курстық жұмыста бір сызба болса, ол нөмірленбейді және «Сызба» деген сөз жазылмайды.

Сызба жұмысты айналдырып қарап отырмайтындай сағаттық тіл бағыты бойынша ыңғайлы орналастырылуы тиіс.

Көп жолды сызбаларды екінші параққа  жалғастырып көшіруге болмайды.Сызбаның бір бөлігін басқа параққа (бетке) көшірген кезде, «Сызба» деген сөз бен оның нөмірі сызбаның бірінші бөлігінің жоғарғы жағындағы оң жақ бұрышта ғана көрсетіледі, сызбаның басқа бөліктерінің астынғы жағында «Жалғасы» деген сөз жазылады. Егер жұмыс бойынша бірнеше сызба болатын болса, онда «Жалғасы» деген сөзден кейін сызбаның нөмірі көрсетіледі, мысалы: «1.2 сызбаның жалғасы». Сызбаны басқа параққа (бетке) көшірген кезде тақырыбы тек біріші бөліктің жоғарғы жағында ғана көрсетіледі.

Көп бағаны бар сызбаны бірнеше бөліктерге бөліп, бір парақта бір бөліктік астына екіншісін орналастыру арқылы көрсетуге болады.

Суреттеулер

Суреттеулер (фотолар, суреттер, сызбалар, кестелер, карталар) курстық жұмыстың  жаңа жолдан кейінгі мәтіні бар бетте, немесе жеке келесі бетте орналастырылады.

Суреттеулер орналастырылған жеке парақтар беттердің жалпы нөміріне жатады.

Суреттеулер «Сурет» деген сөзбен белгіленіп, параграф тізбегі бойынша  нөмірленеді. Суреттеудің нөмірі параграфтың нөмірінен және арасындағы айырма нүктесі қойылған суреттеудің реттік нөмірінен тұрады. Мысалы: Сурет 1.2 (бірінші параграфтың екінші суреті). Суреттеудің нөмірі, оның атауы және түсініктеме жазбалар суреттеменің астына орналастырылады. Егер курстық жұмыста бір ғана суреттеу көрсетілсе, онда ол суреттеуге нөмір қойылмайды және  «Сурет» деген сөзбен белгіленбейді.

Суреттеулердің әрқайсысына нөмір берілгеннен кейін, оларға атаулары берілуі керек. Қажет  болған жағдайда суреттеулер түсініктеме жазбалармен белгіленеді (сурет астындағы мәтін). Безендіру нөмірі, оның атауы мен түсініктеме жазбалар езендірудің астына орналастырылады.

Суреттеу жұмысты айналдырып қарап отырмайтындай, сағаттың тіл бағыты бойынша қарауға ыңғайлы болатындай қылып орналастырылуы керек.

Суреттеу сапасы оның нақты нышанын қамтамасыз етуі керек. Качество иллюстраций должно обеспечивать их четкое воспроизведение. Фотографии размером меньше А4 мөлшерінен кіші фотосуреттер ақ қағазды стандартты парақтарға кілейленуі керек. «Сурет» деген сөз, оның нөмірі, оған қатысты түсініктеме мәліметтер 12 шрифтпен басылып жазылуы керек.

Мысалы:

Сурет астындағы мәтін

Сурет 3.1. – Диаграмма атауы  (суреттеулер)