Кітап оқи білеміз бе?

Кітап – адамзаттың рухани жан азығы. Әйтсе де бүгінде жастар  кітап оқуға аса қызығушылық танытпайды.Кітапхана  сөрелерінен  көздің жауын алар кітаптарды оқи білуге   оқырмандарды қалай қызықтыра аламыз? Ғаламтор кітапты  алмастыра ала ма  ? Ғаламтор қаншалықты  маңызды?  Міне осындай  сансыз сауалдарға  жауап іздеген «Бастауыш білім беру» тобының 2- курс студенттері  «Кітап және ғаламтор» тақырыбында пікір талас ұйымдастырды. Мақсаты студенттерді қазақ әдебиетіне қызықтыра отырып  кітап оқу мәдениетіне   үйрету.

Пікір талас барысында  тақырып төңірегінде көптеген нақты фактілер  келтіріліп салмақты ойлар ортаға салынды. Ақын Иосиф Бродский: «Егер бір адам кітап оқымаса, бұл оның өз қасіреті, ал миллиондаған адамдар кітап оқымаса, тұтас бір ұлттың қасіреті», — деген екен. Яғни, қазіргі жастардың кітап оқуға деген құлшынысы күннен күнге азайып бара жатқаны жасырын емес.  М.Шаханов ағамыз айтпақшы «Компьютербасты жарты адамдар» көбеюде.

Пікір таластың қортындысында «Ең үздік сұрақ» номинациясы бойынша  А.Кенжебаева мен Г.Қалтаева марапатталды. Ал, «Ең ұтымды факт»  номинациясымен Г.Ақылбекова мен  А .Токкожаева  алғыс хаттарға ие болды.

Пікір талас барысында  «Менің сүйікті кітабым»  тақырыбындағы  айдарда бірнеше студенттер қазақ әдебиетінің танымал тұлғалары Ғ.Мүсіреповтің  «Ұлпан», Б.Момышұлының  «Ұшқан ұя»,Б.Майлин «Шұғаның белгісі»  т.б   құнды шығармалардың  мазмұнымен бөлісіп, достарына оқуға кеңес берді.

Қорыта келе  ,  пікір таласқа қатысушылар  кітаптан асқан байлық, кітаптан асқан асыл қазына жоқ екеніне көз жеткізді.

Досанова Ұлзира.

Ы.Алтынсарин атындағы РӘГК-нің

«Жас қаламгерлер» үйірмесінің мүшесі