31 қаңтар күні РӘГК студенттері мен оқытушылары оқытушылар А.С. Кыпшакбаева мен С.Н. Грибова және СКД-02 тобының студенттерінің күшімен ұйымдастырылған «Музыкадан би туады …» атты музыкалық-би өнерін тамашалау мүмкіндігін алды.
Хореография мен музыка арасында үлкен байланыс бар. Сондықтан да студент-хореографтар үшін фортепианодан жеке сабақтар аса маңызды рөл ойнайды. Өйткені бұл әмбебап аспап, ол аспапта классикалық және ұлттық музыканы ойнауға болады, сонымен қатар, бал және тарихи-тұрмыстық би де назардан тыс қалмайды.
Әртістер өздерін тек қана бишілер ретіндеге ғана емес, концертмейстерлер, вокалистер, би қоюшылар, костюм модельерлары ретінде көрсетті.
Кез келген классикалық би сабағы сияқты, концерт жаттығулардан басталды. Концертмейстер ретінде музыкалық шараны Турикпенбаева Айдана Штейнбельттің «Адажио» композициясын орындаумен ашты. Жаттығумен Камила Тусова, Анна Решетова, Наталья Беляева, Валерия Ельцова айналысты.
Оқушылармен жұмыс үлгісінің бірі ансамблдік ойын болып табылады. Ол біріккен ойын барысында дыбыстық бақылау мен серіктеастік сезімді дамытады. Концертті – Азатова Сания мен. Смирнова Анастасияның ансамблі «Санта Лючия» итальяндық ұлттық әнмен жалғастырды. Шулы оркестр – Саида Каримова мен Анна Карелина.
Бесік жыры – бұл фольклордың ежелгі ерекше лирикалық жанры. Светлана Аллес сазгер Тихон Хренниковтың «Светлана бесік жырын» орындады.
Сонымен қатар қонақтар заманауилық сазгерлердің де шығармаларын тыңдады. Тусова Камила сазгер Марина Акулянның «Көңілді Кукачардың әнін» орындады, ал оған көмектескендер Шонова Альмира мен Анна Карелина.
Мишель Легранның «Шербурские зонтики» музыкалық мелодрамасынан танымалы композиция «Мелодия» Гофман Александрмен орындалды. Қолшатырлармен биді Кадырбаева Элиза, Баленская Анна, Гаянова Татьяна орындады.
Петр Ильич Чайковскийдің «Балалар альбомынан» да композициялар назардан тыс қалдамы. Қонақтарға ұлы сазгердің екі пьесасы қойылды – «Француздың ескі әні» (Толебиова Куралай) және «Қйыпшақты ауруы» (Беляева Наталья).
Концертті Решетова Аннаның орындауындағы музыкалық-би композициясы жапты.
Музыкалық шараның өткізілуі хореограф-студенттермен өздерінің мамандықтары бойынша мүмкіндіктерді ашу, оның қаншалықты көп қырлы және қызықты екендігін көрсетті.