Кітапханадағы волонтерлік қызмет оқырмандарға қызмет көрсету сапасын арттыруда, студенттер арасында оқуды насихаттауда маңызды рөл атқарады. Еріктілер кітапхананың дамуына елеулі үлес қосып, білім алушылардың мәдени және зияткерлік дамуына қолайлы жағдай жасайды.
⦁ Волонтерлік қызметтің мақсаты: пайдаланушыларға сапалы қызмет көрсетуді қамтамасыз етуде колледж кітапханасына жәрдемдесу, оқуды насихаттау және кітапхана ресурстарына қызығушылықты арттыру.
⦁ Міндеттері:
⦁ Оқырмандарға қызмет көрсетуге көмек (әдебиеттерді беру және қабылдау, кеңес беру).
⦁ Кітапхана іс-шараларын (көрмелер, презентациялар, конкурстар, акциялар) ұйымдастыруға және өткізуге қатысу.
⦁ Әдебиеттің жаңа түсімдерін өңдеуге көмек (штемпелдеу, түгендеу, сөрелерде орналастыру).
⦁ Пайдаланушыларды ақпараттық қамтамасыз етуге жәрдемдесу (электрондық каталогтармен, дерекқорлармен жұмыс).
Колледж кітапханасы жаңа еріктілерді тартуды, жаңа іс-шаралар ұйымдастыруды жоспарлап отыр.