ВНИМАНИЕ!
КОНКУРС НА ВАКАНТНУЮ ДОЛЖНОСТЬ!
«Ы.АЛТЫНСАРИН АТЫНДАҒЫ РУДНЫЙ ӘЛЕУМЕТТІК-ГУМАНИТАРЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ» КМҚК
Қостанай облысы, Рудный қ., 50 лет Октября к-сі, 34
8(714-31) 6-59-84
rsgk@edu.kz
2022 жылға арналған кешенді және тактикалық-арнайы оқу-жаттығуларды өткізу жоспарына сәйкес, Рудный қаласының объектілерінде оқу-материалдық базада өрт болған жағдайда ғимараттан эвакуациялық шығу оқу-жаттығуы біздің колледжде өткізілді. Сағат 10.50-де «Өрт дабылы» сигналы бойынша 7 минут ішінде колледж студенттері, оқытушылары, қызметкерлері ұйымдасқан түрде колледж ғимаратынан шығып кетті.
Дархан даланың дара ұстазы Ыбырай есімін иеленген өңіріміздегі кәсіптік білімнің қарашаңырағы Рудный әлеуметтік – гуманитарлық колледжі бүгінде заман талабына сай білікті мамандар даярлап , білім кеңістігінде биік белестерді бағындырып , құлашын кеңге жайып дамып келеді.
Тарихқа шегініс жасап көз жүгіртсек , Ы. Алтынсарин атындағы Рудный әлеуметтік-гуманитарлық колледжі (Меңдіқара педучилищесі) Қостанай облыстық кеңесі атқарушы комитетінің шешімімен 1940 жылы 7 шілдеде құрылды. Оқу орны 1917 жылғы төңкеріске дейін Орыс-қырғыз училищесі деп аталып, өзінің тарихын Ы. Алтынсариннен бастап жүргізген Боровской қазақ мектебі аумағында орналастырылды. 1949 жылдан бастап колледж көрнекті педагог және ағартушы Ы. Алтынсариннің атымен аталып келеді. 1942 жылы училище 33 адамнан тұратын алғашқы түлектерін шығарды. 1974 жылы педучилище Рудный қаласына ауыстырылып, Рудный педагогикалық училищесі болып өзгертілді. ҚР Қостанай облыстық әкімшілік басшысының 1992 ж. 12.06-ғы шешімімен Рудный педагогикалық училищесі Рудный педагогикалық колледжі болып қайта ұйымдастырылды. 2000 жылы Қостанай облысы Білім департаментінің 2000 ж. 06.06-ғы № 158 бұйрығымен Рудный педагогикалық колледжі Рудный әлеуметтік-гуманитарлық колледжі болып өзгертілді. 2005 жылы колледж «Қостанай облысы әкімдігі Қостанай облысы Білім департаментінің Ы. Алтынсарин атындағы Рудный әлеуметтік-гуманитарлық колледжі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны мәртебесін алды. Оқу орны ашылғалы бері 12000 мыңнан астам жоғары білікті мамандар түлеп ұшып , нарықтық қоғамның игілігі үшін еліміздің түкпір-түкпірінде абыроймен еңбек етуде. Олар – колледж мақтанышы. Continue reading Кәсіптік білімнің қарашаңырағы→
Биылғы Республикалық деңгейде аталынып өтіп жатқан Ыбырай бабамыздың 180 жылдық мерейтойы қарсаңында ұлы педагог есімін мақтанышпен иеленген Рудный әлеуметтік-гуманитарлық колледжінде де тағылымы мол , пәрмені күшті игі шаралар жоғары дайындықпен ұйымдастырылып өткізілуде. Соның бірі Ыбырай Алтынсариннің қаламынан туындаған шағын жанрдағы әңгімелеріне арналды. Мектепке дейінгі және бастауыш білім беру бөлімінде өткізілген «Ыбырай шағын әңгіме шебері» деп аталған сахналау шеберлігі байқауының мақсаты -даланың дара ұстазының шығармаларын жастар арасында кеңінен насихаттау мен оны қадірлеуге баулу. Сонымен қатар сөз өнеріне қызығушылықтарын арттыру арқылы сахналық шеберліктерін дамыту.
Карантиндік шараларға байланысты байқаудың форматы қашықтықтан болғанына қарамастан студенттер өз таланттары мен зор мүмкіндіктерін барынша көрсете білді. Continue reading Ыбырай-шағын әңгіме шебері→
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің бастамасымен «Ұлт ұландары» тақырыбында кезекті онлайн адалдық сабағы өткізілді.
Адалдық сағаты қоғам қайраткері, жазушы, ағартушы, «Алаш» партиясының мүшесі, ұлы тұлға Міржақып Дулатовқа арналған.
Оның «Оян, қазақ» өлеңдер жинағы және «Бақытсыз Жамал» романы көрнекті әдеби шығармашылық және халықтың даналығы мен ізгілік үлгілері ретінде оқырманның жадында мәңгі сақталады.
Жыл сайын Қазақстанның жазушылар Одағымен Міржақып Дулатов атындағы әдеби сыйлықақы беріледі, ал туындылары көптеген ұрпақ үшін адами құндылықтардың үлгісі ретінде қызмет етеді. Бүгінгі күні біздің облыстық және республикалық маңызы бар қалаларымыздың негізгі көшелеріне оның есімін иеленсе, М. Дулатов атындағы Қостанай инженерлік-экономикалық университет қабырғасында студенттер арасында жыл сайын Дулатов оқуларын өтеді.
Міржақып Дулатовтың өмірбаяны шынайы патриот болуға, өз халқына адал және әділ қызмет етуге үйретеді.
Осы ұлы тұлғаның өмірбаяны мен творчествалық жолы туралы онлайн «Адалдық сағаты» барысында қазақстандық жастардға айтылды.