Жастар жылын ашу салтанаты

Нұрсұлтан Назарбаевтың Өкімімен 2019 жыл Жастар жылы болып жарияланды. 23 қаңтарда Астанада  «Тәуелсіздіктің ұрпақтары» Жастар жылының салтанатты ашылу іс-шарасы өткізілді.

Аталған іс-шараға мемлекет Елбасы, Үкімет мүшелері, ҚР Парламент депуттаттары, МИО басшылығы, ҚР Президентінің жанындағы жастар саясаты жөніндегі Кеңес мүшелері, «100 жаңа тұлға» сайысының жүлдегерлері, «Болашақ» бағдарламасының түлектері, жас ғылымдар, жастардың шығармашылық, студенттік және жұмысшы өкілдері, жас спортшылар, дарынды балалар, заманауилық медиа-сала өкілдері, балалар үйлерінің тәрбиеленушілері мен түлектері, ерекше талапты жастар мен жас әскери қызметкерлер және т.б. қатысты.

Жастар жылының  негізгі мақсаты елдің мемлекеттік жастар саясатын жан-жақты қолдап, іске асыру болып табылады.

Рудный әлеуметтік-гуманитарлық колледжінің студенттері Жастар жылын ашу салтанатты іс-шарасының тікелей трансляциясына қатысты.

Іс-шарада қазақстандық жастармен іске асырылатын табысты жобалар мен жаңа өнімдердің тұсауы кесілді. Спикер ретінде түрлі салаларда жетістікке жеткен қазақстандық жастар сөз сөйледі.