Ы.Алтынсарин атындағы Рудный әлеуметтік-гуманитарлық колледжінің студенттері үшін жақынға қамқор болу жақсы дәстүрге айналған. 30 наурыз күні № 15 мектепте UCMAS академиясының ментальдық арифметикадан кезекті олимпиадасы болып өтті. Балалар олимпиада тапсырмаларын орындап болғанша, біздің еріктілер есептердің дер кезінде беріліп, құжаттардың жиналып, толтырылуын қатаң қадағалап отырды. РӘГК еріктілері үшін ең басты да жауапты тапсырма, әрине, көңіл көтеру болды. Бірақ белсенді, көңілді және еңбексүйгіш еріктілер үшін бұл қиын мәселе болмады! Төрешілер олимпиада қорытындысын шығарғанша, еріктілер балалармен бірнеше қызықты ойындарды өткізіп үлгерді.
UCMAS академиясымен бірігіп жұмыс істеу колледж еріктілері үшін жаңалық емес. Біздің студенттер академия іс-шараларының тұрақты қонақтары болып табылады және әрдайым түрлі қолдаулары мен көмектерін көрсетеді.