3 сәуірде «Қостанай облысының АҚТҚ алдын алу және күресу орталығы» КМҚК-ң профилактикалық бөлімінің педагогы Қадрон C.А. Рудный әлеуметтік-гуманитарлық колледжінің студенттері үшін «ВИЧ/АҚТҚ-ны бірге тоқтатайық!» тақырыбына семинар-тренинг өткізді. Семинар «Денсаулық жолы» және «Дені сау болу – бұл сәнді!» Ұлттық бағдарламалары аясында жүргізілуде. Іс-шараның негізгі міндеттері: студентердің ВИЯ-инфекциясының алдын алу мәселесі бойынша ақпараттарын неғұрлым кеңейту; ВИЧ-инфекциясымен өмір сүріп жатқан тұлғаларға төзімділікпен қарауға тәрбиелеу.
І-шара барысында маман ВИЧ-инфекцияның таратылу жолдары мен әдістері туралы айтып берді. «Дұрыс шешімдер – ВИЧ туралы білу керектің барлығы» атты фильм қаралды. Семинар соңында ВИЧ/АҚТҚ алдын алу мәселесі бойынша дискуссия өткізілді.