19 сәуірде Рудный әлеуметтік-гуманитарлық колледжінің студенттері «Ардагерлерді ардақтайық» атты партиялық жоба аясында өткізілген «Ұрпақтар есінде» Республикалық акциясына қатысты. Акцияның мақсаты: жастарды Ұлы Отан соғысына арналған ескерткіштер мен мемориалдарды, сонымен қатар Ұлы Отан соғысының батырларының атымен аталған көшелерді тазалап, көркейту шараларына тарту.
РӘГК-нің студенттері, «Жас Отан» ЖК белсенділері жауынгер-интернационалтистерге арнап орнатылған ескерткіш маңайын тәртіпке келтірді.
Ауғаныста 9 жыл 2 ай бойы соғыс жүрді. Рудный қаласынан 239 жасөспрім мен 7 бойжеткен өздерінің интернационалдық борыштарын атқарды, оның 5-і қаза болды: Александр Мельников, Анатолий Цепко, Сергей Болотников, Сергей Подоскин, Олег Горгуленко. Қаза тапқан жауынгерлер туралы естелікті мәңгі сақтау үшін, 2000 жылғы 21 қазанда Рудный қаласында «БМП» монументі ашылған болатын. Ол И.Франко көшесіндегі қалалық мұражай жанында оналасқан. Монументті құрудың бастаушысы Ауғаныстанда әскери әрекеттерге қатысқан жауынгерлердің өздері болып табылады: Е.Дербисов, В.Ступник, А.Киянов, С.Песчанский, П.Бурцев және олардың қолдаушылары.