2019 жылғы 19 мамырда колледжде Қамқорлық Кеңесінің кезекті отырысы болып өтті. Кеңес құрамына Рудный қаласының түрлі ұйымдары мен кәсіпорындарынан 11 жаңа мүше еніп, Кеңес құрамы айтарлықтай жаңартылды. Колледж директоры материалдық-техникалық базамен таныстырып, Кеңестің жаңа құрамы үшін шолу экскурсиясын жүргізіп өтті. Отырыста Қамқорлық Кеңесі 2019 жылғы жұмыстың жаңа бағыттарын талқылады.