26 сәуірде Рудный әлеуметтік-гуманитарлық колледжде «Жастардың дүниетанымын қалыптастырудың өзекті мәселелері: ұлттық тарихтың сан қырлы мазмұнды болуы» облыстық ғылыми-тәжірибелік конференция болып өтті.
Конференция жастардың ұлттық тарих пен тарихи ой-өрістерін жаңғырту мәселесі бойынша дүниетанымдарының қалыптасу деңгейін зерттеу мақсатымен өткізілді.
Конференцияда қарастырылатын мәселелердің тарихи маңызды аспектілерге қатысы болғандықтан, жұмыс 2 бағыт пен бірнеше секцияларға бөлінді:
1-ші бағыт: Қазақстан – материалдық және рухани мәдениет бесігі:
Секция №1 Қазақстан аумағындағы салт аттылық мәдениет пен аң үлгісінің, Ұлы даланың ежелгі өнері мен технология генезисінің қалыптасу тарихын зерттеу.
Секция №2 Ұлы дала дүниетанымы мен халық құндылықтары, дала фольклоры мен музыкасына мың жыл.
Секция№3 тарихи ой-сананы жетілдіру мәселесі мен оның келешегі (Ұлы даланың Ұлы тұлғалары, кино мен теледидардағы Тарих).
2-ші бағыт: Тарихи ой-сананы жетілдіруді іске асыруда Еріктілер қозғалысының атқаратын рөлі (тәжірибелік өтіл, үгіт-жобалар, көрмелер).
Конференцияға қатысушылар қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде баяндама жасады.
Ұйымдық органға қала мен облыстың түрлі оқу мекеметерінің 43 қатысушыларынан өтінім келіп түсті.
Колледж студенттері Сыбанкулова Болжан мен Ыбырай Аружан сертификаттармен марапатталды.
