Ынтымақ, бірлік , келісім – ең басты байлық ел үшін

Бүгін  колледж қабырғасында  1 мамыр -Қазақстан халықтарының бірлігі күні мерекесі аясында «Ынтымақ, бірлік , келісім – ең басты байлық ел үшін» атты іс шара өтті. Іс шараның қонақтары: қандастарды қоғамға әлеуметтік шоғырлануына бағытталған іс-шараларды ұйымдастыру мемлекеттік әлеуметтік жобасының консультанты – Ж.Л. Қапанова, қалалық ардагерлер кенесінің мүшесі – С.Ұ.Молдашев, денсаулық сақтау саласының ардагері – С.С.Чикинова қатысып, студенттерге  жүрекжарды ақ тілектерін жеткізді. Қазақ бөлімінің студенттері әр ұлттың биін билеп, әннен шашу шашты.