Менің мамандығым- менің таңдауым

ББМ-03 тобының ұйымдастыруымен “Педагогикалық практика-болашақ маманның кәсіби құзіреттілігін арттырудың негізі” атты өндірістік тәжірибенің қорытынды конференциясы өткізілді. Конференцияға ББМ-01 және ББМ-02 тобының болашақ машықкерлері қатысты. Конференция барысында сабақ кезеңдері, қолданылған әдіс-тәсілдер көрмесі, жаңашыл бағдарламалар, жалпы пәндерді қорытындылау және қосымша атқарылған жұмыстар көрсетілді. Конференция жоғарғы деңгейде өтті. Белсене қатысқан студенттерге алғысымызды білдіреміз!