23.02.2024 күні Ыбырай Алтынсарин атындағы Рудный әлеуметтік гуманитарлық колледжінде «Менің мамандығым-менің болашағым» тақырыбы аясында 0105000-Бастауыш білім беру мамандығының 0105083-Бастауыш сыныпта шетел тілі мұғалімі біліктілігі бойынша білім алып жүрген студенттердің арасында дипломалды практикасының қорытындысы ретінде кәсіптік шеберлік байқауы өткен болатын. Байқау болашақ мұғалімдердің кәсіптік біліктіліктерін шыңдап, бәсекеге қабілетті маман болып қалыптасуларына, педагогикалық құзыреттіліктерінің жетіліп шыңдалуына бағытталды. Болашақ мұғалімдер ұйымдастырушылық, коммуникативтік, конструктивтік, перцептивті, т.б. қабілеттерінің қандай дәрежеде қалыптасқанын көрсете білді.
Сайыс 4 кезеңнен тұрды және 6 қатысушы қатысты.
Байқау кезеңдері:
1 тур- өзін таныстыру “Мұғалім ұстанымы”
2 тур- педагогикалық ринг “Мұғалім, сен Цицеронсың”
3 тур- шеберлік сыныбы “Педагогикалық инновациялар”
4 тур- қолданбалы қабілеттерін көрсету.
Байқау нәтижесі бойынша:
1 орын: Молдабаева Алеся
2 орын: Гайсина Айгуль
3 орын: Айрақбаева Земфира алған болса,
“Педагог- талант” номинациясымен-Иният Ақерке
“Педагог-шебер” номинациясымен Игиликова Фариза
“Педагог-эрудит” номинациясымен Қазбек Асем марапатталды.