Кәсіби шеберлік шыңдала түсті

15.01-23.02.24 аралығында «Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту» мамандығының 4-курс студенттері жоспарланған «Дипломалды практиканы» ойдағыдай аяқтап келді. Олар бір апталық оқу практикасы кезінде  жинақталған тәжірбие және жаңашыл әдіс-тәсілдермен  өзара бөлісіп  жан-жақты талдады. Кейін практиканы қортындылау мақсатында акт залында әдіскерлердің жетекшілігімен «Кәсіби шеберлік» байқауын ұйымдастырды. Бұл байқаудың мақсаты студенттердің кәсіби шеберлігін шыңдау арқылы мамандыққа деген сүйіспеншілікті арттыру.

Байқауға топтан алты студент қатысып өз шеберліктерін мен білімділігін  ортаға салды.  Студенттердің  тынымсыз ізденісі мен ұшқыр қиялы, терең білімділік пен  мамандықтарына деген жауапкершілігі көрерменді тәнті қылды. Әділқазы ретінде арнайы шақырылған қонақтар колледж түлектерінің дайындықтары жоғары деңгейде екенін атап өтіп, алдағы педагогикалық қызметтеріне  табыс тіледі.Байқау соңында қатысушыларға арнайы мадақтамалар табыс етілді. Сонымен қатар  МДТ-04 тобында  «Дипломалды практика»  барысында өзін тек жақсы жағынан көрсетіп ,  дараланған студенттер колледж директорының алғыс хаттарымен марапатталды.  Бұл  тәрбиелік  маңызы зор іс-шараға МДТ-01,ББМ-01 топтары қатысып ,   мамандыққа қажетті кәсіби дағдылармен танысты.