Қазақстанда сауат ашу мен кітап оқуды қолдау мемлекеттік және қоғамдық басымдықтардың қатарында; «Кітап оқитын адам» – бұл кез келген тарихи оқиғалар кезінде өзгермейтін құндылық, ал оқырман қоғамы демократиялық қоғамның сөзсіз шарты болып қала береді.
«Оқу колледжі» Тұжырымдамасын жүзеге асыру аясында колледж кітапханасында «Кітап оқу – зиян емес, оқымау – зиян!» атты флэш-моб өтті.
Акцияның мақсаты: ұлтжандылық сезімін, қазақ халқының мәдениеті мен тарихи мұрасына деген сүйіспеншілікті, құрмет пен қызығушылықты тәрбиелеу, жеке тұлғаның интеллектуалдық және рухани-адамгершілік дамуының нысаны ретінде кітап оқуды насихаттау және белсендіру.