2025 жыл жұмысшы мамандықтарының жылы

Қазақстанда техникалық және кәсіптік білім беруді трансформациялау басталды. Мемлекет басшысының Жарлығымен 2025 жыл жұмысшы мамандықтарының жылы болып жарияланды. Бұл экономиканың бәсекеге қабілеттілігін арттыру, еңбек нарығының сұрансын қанағаттандыру және техникалық мамандардың беделін арттыру жолындағы мағызды қадам. Техникалық және кәсіптік білім беру жүйесін реформалауды жүзеге асыру мақсатында Үкіметпен жұмысшы мамандықтар жылын ұйымдастыру жөніндегі республикалық жоспар бекітілді, сондай-ақ Министрлікпен кәсіптік-техникалық білім беруді трансформациялаудың 2025-2027 жылдарға арналған Жол картасы қабылданды.