Педагогикалық шеберлік-2025

Колледж қабырғасында 18 ақпан мен 21 ақпан аралығында  « Бастауыш білім беру педагогикасы мен әдістемесі» мамандығының  4 курс студенттері арасында  колледжішілік «Педагогикалық шеберлік-2025» сайысы өтіп жатыр. Сайыстың мақсаты-болашақ педагогтердің теориялық білімдерін практикамен ұштастырып, шығармашылық әлеуетін және өзін-өзі дамыту үшін жағдай жасау; білім беру жүйесін жетілдіруге болашақ мұғалімдердің белсенді кәсіби көзқарасын қалыптастыру.

  • кезең . 18 ақпан 2025 жыл- Модуль А
  • кезең. 19 ақпан 2025 жыл – Модуль В
  • кезең. 20 ақпан 2025 жыл- Модуль С
  • кезең. 21 ақпан 2025 жыл- Модуль D және қорытынды кезең.